AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық текс...

Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырды

Оқиға 08.09.2022, 13:15 981 Almaty-akshamy
Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Өрт кезінде жауапты лауазымды тұлғалар тиісінше және уақытылы әрекет етпеді


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай және басқа облыстардағы табиғи өрттердің салдарын жою, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ТЖМ басшысы Юрий Ильин бүгінгі таңда Қостанай облысындағы өртке байланысты күрделі ахуал тұрақтанғанын айтты. Министрдің сөзінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қызыл жалынның беті қайтты, жеке оқшауланған аймақтардағы өрт сөндіріліп жатыр. Бүгінгі таңда эвакуацияланған азаматтардың көбі үйлеріне оралды. Сонымен қатар бірқатар басқа өңірде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, бұл жұмысқа ТЖМ мен әкімдіктер күштері мен қаражаты жұмылдырылды.


Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдардың төтенше жағдайларға дайындығына толық тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.



«Қостанай облысындағы өрт азаматтық қорғау органдарын, табиғатты қорғау және орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін жедел шешіп, хабарландыру жүйесін жаңғырту қажеттігін көрсетті», — деді Әлихан Смайылов. 



Сонымен қатар Премьер-Министр барлық өңірлердегі азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көбейту және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлерге сыйақы беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.


Үкімет басшысының ойынша, жауапты мемлекеттік органдар ірі ТЖ жою кезіндегі әрекет пен өзара іс-қимыл алгоритмдерін қайта қарауы қажет.



«Облыстағы өрт кезінде жауапты лауазымды тұлғалар тиісінше және уақытылы әрекет етпеді. Осы жағдай бойынша қорытынды жасау керек. Кінәлілер жазалануы тиіс», — деді Әлихан Смайылов. 



Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Әулиекөл ауылында баспанасыз қалған азаматтарға арнап 91 жаңа үй салу үшін 12 га жер учаскесі бөлінгенін хабарлады. Жалпы алаңы 100 шаршы метр болатын бір қабатты тұрғын үйлер салынады. Жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылым (су, газ, электрмен жабдықтау) және кірме жолдар салынады. 12 жергілікті мердігерлік ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.



«Қысқа дейін адамдар үйлеріне кіріп үлгеруі үшін бұл жұмысты жылдам аяқтау керек», — деді Әлихан Смайылов. 



Одан бөлек, Премьер-Министр орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша ұсынысты қолдап, сондай-ақ орман алқабын қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #дайындық #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);