AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Смайылов Қонаев қаласы мен Алматы облысын дамытуды...

Смайылов Қонаев қаласы мен Алматы облысын дамытуды пысықтады

Билік 03.03.2023, 12:00 1,269 Almaty-akshamy.kz. 
Смайылов Қонаев қаласы мен Алматы облысын дамытуды пысықтады
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 13 қаңтарда Алматы облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшылары Алматы агломерациясы, Қонаев қаласы, G4 City интеграцияланған қаласын және жалпы өңірді дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.


Тұрғын үй, әкімшілік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу, автокөлік, теміржол, инженерлік және аграрлық инфрақұрылымды жаңғырту, жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, индустриялық аймақтар мен өнеркәсіп объектілерінің тиімділігін арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы әңгіме қозғалды.


Атап айтқанда, Қонаев қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау МЖӘ тетігі арқылы жүргізілетіні атап өтілді. Мәселен, жеке әріптес анықталғаннан кейін КТҚ құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады.


Сонымен қатар кеңесте республикалық және халықаралық деңгейде де көптеген көрермен тартатын ірі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Солардың бірі – MotoGP мотоцикл жарысы бойынша әлем чемпионаты.


Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов барлық қатысушы мемлекеттік органдар жаңа облыс орталығы – Қонаев қаласын, G4 City қаласын және бүкіл өңірді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.



«Біз барлық мәселелерді талқыладық. Мемлекеттік органдар қойылған міндеттерді тиісінше пысықтауы қажет. Облыс тұрғындары Қонаев пен өңірдің қарқынды дамуын күтіп отыр, сондықтан қазір әкімшілік рәсімдерді кешіктірмей, қажетті шешімдер қабылдау маңызды», - деді Премьер-Министр.



Үкімет басшысының айтуынша, қабылданып жатқан шаралар облыстың дамуына елеулі серпін беруі тиіс, бұл өз кезегінде өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қонаев қаласы #Алматы облысы #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);