ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Скрининг – тегін, қолжетімді әдіс

Скрининг – тегін, қолжетімді әдіс

Медицина 05.05.2025, 13:09 625
Скрининг – тегін, қолжетімді әдіс
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы онкологиялық орталығына жатыр мойны обырының II сатысы диагнозымен 26 жастағы әйел түсті. Бұл туралы орталықтың онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова мәлімдеді, деп...

Алматы онкологиялық орталығына жатыр мойны обырының II сатысы диагнозымен 26 жастағы әйел түсті. Бұл туралы орталықтың онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Науқас бір жыл бойы қанды бөліністер мен өзге де шағымдарға қарамастан дәрігерге бармаған.

– Оның екі баласы бар. Тек жағдайы тым ауырлап кеткен кезде ғана медициналық көмекке жүгінуге шешім қабылдаған, – дейді Болатбекова.

Дәрігерлер үш сағатқа созылған күрделі ота жасады. Оның барысында жатыр, жатыр мойны және регионарлық лимфа түйіндері алынды. Науқастың жасы жас болғандықтан, аналық бездер сақталып қалды. Бұл оған болашақта суррогат ана көмегімен ана болуға мүмкіндік береді.

Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда әйел онкологиялық орталықтың бақылауында және химио-сәулелік терапия курсын қабылдап жатыр.

Райхан Болатбекованың айтуынша, Алматыда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Тек 2024 жылы бұл диагноз бойынша 206 жаңа жағдай тіркелген.

– Негізгі жас тобы – 35 пен 50 жас аралығы. Бірақ, өкінішке қарай, аурудың «жасаруы» үрдісі байқалуда. Қазірдің өзінде 20–24 жас аралығындағы қыз-келіншектер арасында жатыр мойны обырының анықталған жағдайлары бар, – дейді онкогинеколог.

Аурудың бастапқы кезеңі айқын белгілерсіз өтетіндіктен, оны ерте анықтау үшін тұрақты профилактикалық тексерулер мен скринингтен өтіп тұру өте маңызды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер төрт жылда бір рет тегін скринингтен өте алады. Бұл – цитологиялық жағынды алу арқылы жүргізілетін, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін қарапайым және тиімді әдіс.

Дәрігерлер барлық әйелдерге тіпті болмашы белгілердің өзін елемеуге болмайтынын ескертіп, гинекологқа жүйелі түрде қаралып тұруға кеңес береді. 26 жастағы науқас жағдайында дер кезінде тексерілмеу оның репродуктивті функциясынан айырылуына себеп болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.