Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Skills Enbek платформасында енді аудармашыларға да...

Skills Enbek платформасында енді аудармашыларға да арналған курстар болады

Әлеумет 15.09.2023, 10:14 1,156
Skills Enbek платформасында енді аудармашыларға да арналған курстар болады
Сурет: Gov.kz

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан аударма академиясымен онлайн-білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Оның аясында Skills Enbek платформасында аудармашылардың біліктілігін арттыру үшін курстар каталогы кеңейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Аударма академиясы Орталық Азия аумағында қосымша кәсіптік білім беру және білікті аудармашыларды оқыту қызметтерін ұсынады. Курстарды тәжірибелі отандық және шетелдік оқытушылар мен аудармашылар әзірледі.


Онлайн оқыту қазақстандықтарға біліктілігін арттыруға, практикалық дағдыларды алуға және жаңа салада өз мансабын бастауға мүмкіндік береді.


Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Платформада кез келген адам оқи алады және оқуды аяқтағаннан кейін алынған сертификаттар мен дағдылар Электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.


Skills Enbek іске қосылғаннан бері әртүрлі бағыттар бойынша 232 курс орналастырылды, оның 133-і тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 325 мыңнан асты, ал оқуды сәтті аяқтап, 270 мыңнан астам адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінде 62 мың адам жұмыссыз мәртебесіне ие.


Жалпы алғанда, Қазақстан Аударма академиясымен ынтымақтастық орнату еліміздегі кәсіби аударма саласында мамандардың жаңа буынын даярлау үшін қазақстандықтарға қолжетімді курстардың базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аудармашылар #курстар #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.