конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Сіздің учаскелік полицей!»

«Сіздің учаскелік полицей!»

Заң мен тəртіп 02.11.2023, 04:08 1,154
«Сіздің учаскелік полицей!»
Сурет: Polisia.kz

Елімізде осындай атаумен республикалық акция басталды.


Қазір елімізде 3 мыңға жуық учаскелік полиция пункті бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.


Өз ісіне жауапты, мұқият, адалдық – учаскелік полиция инспекторының стандарты. Ол құқық қорғау органдарының арасындағы адамға ең жақын өкіл. Учаскелік полицейлер халықпен күнделікті тікелей байланыста, азаматтарға бірінші болып көмекке келіп, проблемаларын зерттейді, шешу жолдарын табады. Олар қылмыстың жолын кесіп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың тыныштығын сақтайды.


ІІМ халыққа жақынырақ болу үшін “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясын бастады. Ведомствода атап өткендей, акцияның мақсаты – әрбір тұрғынға жету және белгілі бір аумақта құқықтық тәртіпті нығайту, полиция жұмысы туралы ақпарат алу, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену.



Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары визит карточкаларын тарата отырып, пәтерлерді аралайды, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, ұсақ бұзақылық жасау, спирттік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді.



Сонымен қатар учаскелік полицейлер тұрғындар құрған әлеуметтік желілердегі чаттарында белсенді байланыс орнатып, онда ақпарат пен шұғыл хабарламалармен алмасады.  ІІО қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі – азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату және әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру.


Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу, учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдау жоспарлануда.



Акция барысында “Үздік учаскелік полиция инспекторы” атағына конкурс өтеді. Ол үш кезеңде өткізіледі. Басты мақсат – кәсіби және іскерлік қасиеттерге, сондай-ақ осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін ең құзыретті учаскелік полиция инспекторын анықтау. Айта кету керек, бүгінде елімізде 3 мыңға жуық учаскелік полиция пункті бар. 7 мыңнан астам учаскелік полицей қызмет атқарады, оның 3,9 мыңы – қалаларда, 3,4 мыңы – ауылдарда. Учаскелік учаскелерге барлығы 6 мың әкімшілік учаске бекітілді. Аталған республикалық акция қараша айының соңына дейін жалғасады.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #акция #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);