Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / "Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусынд...

"Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім..."

Әлеумет 16.12.2024, 17:18 950
"Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім..."
www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

16 желтоқсан – қазақтың әйгілі опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың туған күніне орай, Димаш Құдайберген өз әлеуметтік желісінде әншіге арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Димаш өзінің жазбасында Бибігүл Ахметқызының терең әрі әсерлі дауысы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де көрермендердің жүрегін жаулағанын атап өтті. Ол қазақ музыка мәдениетіне деген сүйіспеншілігін жастарға жеткізіп, қаншама буынды шабыттандырып келе жатқан Бибігүл апайының ұлағатты ұстаздық еңбегін ерекше құрметтейтінін жеткізді.

– Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған марапатымды сіздің 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында сізге арнауға рұқсат етіңіз. Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім. Аналық қамқорлығыңыз бен ұстаздық өсиетіңіз маған үлкен шабыт беріп, осы күнге дейін жеткен жетістіктерімнің негізі болды.

Сондай-ақ, Димаш өз жазбасында #dears жанкүйерлеріне және барша жерлестеріне шын жүректен алғыс білдіріп:
– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деген ізгі тілегін жолдады.

Бибігүл Ахметқызының 95 жылдық мерейтойы – қазақ өнері үшін ерекше мереке!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бибігүл Төлегенова #Димаш Құдайберген #тілек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.