ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сирек кездесетін аурулары бар адамдар тегін дәрі-д...

Сирек кездесетін аурулары бар адамдар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 13.01.2024, 12:00 1,179
Сирек кездесетін аурулары бар адамдар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
almaty-akshamy.kz
Қазақстанда 48 орфандық немесе сирек кездесетін аурулар бойынша 96 дәрілік затпен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету көзделген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстанда 48 орфандық немесе сирек кездесетін аурулар бойынша 96 дәрілік затпен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету көзделген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бұл ретте орфандық аурулары бар пациенттерді емдеуге арналған препараттарды қаржыландыру үлесі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жалпы бюджетінің 25%-дан астамын құрады, сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін пациенттердің өздерінің саны дәрі-дәрмек алатын пациенттердің жалпы санының 1%-ын ғана құрайды.


2023 жылы республикалық бюджеттің есебінен Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 74 млрд. теңге сомасына орфандық препараттарды сатып алды, дегенмен 2020 жылы бұл сома 29,3 млрд. теңгені құрады және 20 млрд. теңгеге стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектер сатып алынды.


Сонымен қатар, мәслихаттардың шешімі бойынша 2023 жылы жергілікті бюджеттің есебінен орфандық ауруларды емдеуге 15,7 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді.



Пациенттердің шектеулі саны үшін қымбат препараттар ел бюджетіне жоғары ауыртпалық түсіретінін айта кету керек. Орфандық дәрі-дәрмектерді сатып алу шығыстарын талдау 47 орфандық препараттың ең қымбат екенін көрсетті. Мысалы, 1 пациентті емдеу курсының орташа құны Мукополисахаридоз ауруы кезінде Элосульфаза альфа 131,3 млн. теңгені, жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы кезінде Нусинерсен 114,3 млн. теңгені, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруы кезінде Аталурен препараты 147,8 млн. теңгені, Фабри ауруымен ауырған кезде Агалзидаза бета препараты 68,3 млн. теңгені құрайды.



 Халықаралық практикада мұндай  пациенттерді емдеу мен қолдау үшін негізгі шығындар көбінесе қайырымдылық көмек арқылы жабылады.



Ел Президентінің Жарлығымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2022 жылдан бастап 40 млрд теңгеге жуық сомаға орфандық аурулары бар 389 пациентті қайырымдылық қаражатының есебінен қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасында орфандық (сирек кездесетін) ауруларға 100 000 халыққа шаққанда 50 жағдайдан аспайтын аурулар жатады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.