AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сирек жағдай: премьер-министр жиын үстінде "шұғыл...

Сирек жағдай: премьер-министр жиын үстінде "шұғыл қоңырауға" жауап беріп, залдан шығып кетті

Саясат 07.10.2025, 11:28 678
Сирек жағдай: премьер-министр жиын үстінде "шұғыл қоңырауға" жауап беріп, залдан шығып кетті
сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы кезінде маңызды қоңырау қабылдап, Үкімет отырысынан шығып кетті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Үкіметтің сейсенбі күні сағат 10:00-де басталған отырысы кезінде күтпеген жағдай болды. Премьер-министр Олжас Бектеновке үкіметтік байланыс телефонына қоңырау түсті.

Отырыстың басында Бектенов жаңадан тағайындалған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы таныстырып, оның Конституцияға ант беру рәсімін өткізді. Дәл осы сәтте премьердің үкіметтік байланыс телефоны шырылдап, Бектенов қоңырауға жауап беріп, залдан шығып кетті.

Жиынды уақытша бірінші вице-премьер Роман Скляр жүргізді. Ол министрлердің күн тәртібіндегі баяндамасын жалғастырып, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы трибунаға шақырды.

Олжас Бектенов залға көп кідірмей, шамамен 12-ші минутта қайта оралды.

Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, әдетте премьер-министр отырысты толық өзі басқарады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қоңырау аса маңызды болған болуы мүмкін, себебі залдағы телефон байланысы мемлекет басшысымен және жоғары деңгейдегі шұғыл байланыс үшін қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін, 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатып, оның орнына Жұлдыз Сүлейменованы тағайындаған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Премьер Министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);