ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту...

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Керек кеңес 08.10.2023, 10:33 1,335
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
almaty-akshamy.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байлынысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байлынысты ескерту жасады 


Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.


Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.


Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.


Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.


Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с болады. 


Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.














Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.


Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 


Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болады. 


Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі бар.


Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. 


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қаупі сақталады. 





















Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.