AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Сингапурде қызғалдақтар көрмесі өтті

Сингапурде қызғалдақтар көрмесі өтті

Көрме 11.10.2021, 04:57 1,493
Сингапурде қызғалдақтар көрмесі өтті
Сурет: Яндекс.Дзен

Жергілікті қызғалдақ гүлі шет елді таңдандыруда




Сингапурде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қызғалдақтар көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Мұнда алғаш рет қазақтың киіз үйі тігілді. Нұр-Сұлтан шеберлері жасаған киіз үйді көрмеге ұшақпен жеткізген. Сондай-ақ Қазақстандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің көшірмесі де жұрт назарына ұсынылды.


Яғни көрме қонақтары гүлдерді тамашалап қана қоймай, қазақтың дәстүрі және музыкасымен де жақын танысты. Аталмыш көрмеге Сингапур министрі Индрани Раджа да келді. Бұл ел Қазақстанмен қарым-қатынастарын жоғары бағалайды.


Еліміз дербестік алардан бірнеше ай бұрын екі мемлекет басшылары арасында жақсы байланыс орнаған болатын.



«Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар барлық салада қарқынды дамып келеді. Ал оның бастамасы осыдан 30 жыл бұрын Сингапурдің алғашқы Премьер-Министрі Ли Куан Юдың Алматыға жасаған тарихи сапары кезінде қаланды. Сол кезде ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», - деді Қазақстанның Сингапурдегі төтенше және өкілетті елшісі Әркен Арыстанов.



Сондай-ақ, көрмеге тек вакцина салдырған адамдарға келуге рұқсат етілді. Ол қазанның 14-не дейін жалғаспақ. Көрмені елдің 200 мыңдай тұрғыны тамашалайды.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#сингапур #Қызғалдақ #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);