AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СІМ өкілі құлдыққа түскен бес отандасымыздың Мьянм...

СІМ өкілі құлдыққа түскен бес отандасымыздың Мьянмадан қалай қашқанын айтып берді

Оқиға 02.05.2023, 13:15 1,090
СІМ өкілі құлдыққа түскен бес отандасымыздың Мьянмадан қалай қашқанын айтып берді
Сурет: Ашық дереккөз

Бесеуінің төртеуі өзеннен өтіп үлгерген, ал біреуі қалып кеткен


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мьянма мен Таиландтың арасында орналасқан "Алтын үшбұрыш" деген аумақта Қазақстан азаматтары жұмыс құлдығына түсіп, қашуға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мьянмада құлдықтан қашқан қазақ жігітін елге қайтару үшін келіссөз жүргізіліп жатыр.



"Осыған дейін қанша рет ескерту айтып, ақпарат таратсақ та, қазақстандықтар сол жаққа барып жатыр. Кейінгі ақпарат бойынша ол жақтан 5 Қазақстан азаматы анықталды", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.



Айбек Смадияровтың түсіндіруінше, биыл сәуірде бір адам Қазақстанның Таиландтағы консулына хабарласып, 5 қазақстандықтың Мьянмада құлдықта отырғаны туралы айтқан. Олар өз еркімен жұмыс істеуге барған. Осындай жағдайда бірнеше адамды құтқарған консулдың тиісті тәжірибесі бар. Ол аталған адамдарға құлдықтан босап шығу тәсіліне қатысты кеңес берген. Біздің азаматтарды ұстап отырған компания қос ел шекарасының маңында орналасқан. 


Қазақ жігіттері сол жердегі өзеннен өтіп, Таиландқа қашатын болып келіскен. Бірақ қашатын күні бұл туралы жарты сағат бұрын ғана консулға ескерткен. Ал консул Бангкоктан аталған шекараға жету үшін автокөлікпен 7 сағаттай жүруі керек.



"Қазақстан азаматтары компанияның аумағынан шыққан бойда компания өкілдері олардың ізіне түскен. Бесеуінің төртеуі өзеннен өтіп үлгерген, ал біреуі қалып кеткен. Компания күзетшілері оны ұстап алды", - деді СІМ өкілі.



Таиландқа өткен 4 адамға Қазақстан консулы көмектесіп, олар Бангкокке жетті. 3-4 күнде олар Қазақстанға оралады. Ал Мьянмада қалған адаммен бір аптадан бері байланыс жоқ.



"Сол компанияның басшылығына және күзетшілеріне хабарластық. Олар бізге нақты жауап бермеді. Қолда бар ақпаратқа сай, олар әр адамға 6 млн теңге сұраған. Қазір келіссөзді жалғастырып жатырмыз. Компания өкілдері жауап берсе, ол жігітті алып шығуға мүмкіндік болады", - деп түйіндеді сөзін Айбек Смадияров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мьянма #Құлдық #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);