ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау модел...

Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі әзірленді

Қаржы 01.07.2022, 09:25 1,901
Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі әзірленді
Сурет: Profit.kz
«Цифрлық теңге» жобасының Консультативтік кеңесі құрылды.

«Цифрлық теңге» жобасының Консультативтік кеңесі құрылды.


 Ұлттық банк пен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы «Цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім қабылдау моделі» баяндамасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz . 


Осы модель бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің негізінде 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда Орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы қорытынды шешім әзірленеді.



«Цифрлық теңгені іске қосу туралы шешім қабылдаудағы басымдық төлем қызметтерін тұтынушылар үшін айқын нәтиже болады. ҚҰБ пен ТҚТДО моделі халықаралық ұйымдар (ДЭФ, «Үлкен жетілік» саммиті, ХВҚ) ұсынған талдамалық құралдарды, сондай-ақ шетелдік реттеушілердің тәсілдерін ескереді. Модельде, сондай-ақ цифрлық теңгенің технологиялық іске асырылуын, әлеуетті экономикалық пайдалар мен шығындарды, жүйені реттеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ экожүйені дамыту әлеуетін бағалау бойынша зерттеулер қамтылған», - делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Талдау құралдары ретінде технологиялық эксперименттер, экономикалық модельдеу, мүдделі тараптармен дизайн-сессиялар қарастырылған. 2022 жылдың 4-тоқсанында нарыққа қатысушылармен және тұтынушылармен Цифрлық теңгенің технологиялық платформасын өтпелі тестілеу жоспарланған.


Зерттеу нәтижелерін объективті түсіндіру мақсатында тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен халықаралық қаржы ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Цифрлық теңге» жобасының Консультативтік кеңесі құрылды. Қаржы нарығының қатысушыларымен цифрлық теңгенің экожүйесін құру да жобаны дамытудағы табыстылықтың маңызды факторы болып табылады. Осы мақсаттар үшін коллаборативті алаң – Digital Tenge Hub құрылды, оған нарық қатысушылары, инфрақұрылымдық ойыншылар, халықаралық серіктестер қатысады, - делінген хабарламада.


Цифрлық теңгені енгізу, оның ішінде офлайн төлеу мүмкіндігі арқылы төлем мен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.


Цифрлық теңге инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдар үшін қосымша құралға айналады, бұл смарт-контракт технологиясы негізінде инновациялық қызметтерді құруға мүмкіндік береді. Болашақта цифрлық теңгені енгізу трансшекаралық төлемдердің тиімділігін де еселейді.


«Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі» баяндамасымен ҚҰБ сайтының «Цифрлық теңге: пилоттық жоба» бөлімінде, сондай-ақ, ҚҰБ төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы payfintech.kz сайтында танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.