AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа...

Цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі

Әлеумет 20.12.2022, 16:03 1,457
Цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі


Мұны Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Бүгін Президент қабылдауында болған Ғалымжан Пірматов жаңашылдықты ендіру үрдісі үш кезеңге бөлінеді деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
 
Әзірлеушілердің бірі Бинұр Жәленовтың сөзінше цифрлық теңге қазақстандықтарға 2023 жылдың соңына қарай қолжетімді бола бастайды. Бірінші кезекте мемлекеттік сатып алулардың бір бөлігі көшіріледі. Сондай-ақ кейбір жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер де цифрлық валютада аударылатын болады. Бұл бюджет ақшасын жұмсаудағы ашықтықты қамтамасыз етеді, деді төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының төрағасы.



"2024 жылдың соңына қарай біз цифрлық теңге офлайн режимінде қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз, яғни азаматтарымыз интернетсіз-ақ цифрлық теңгемен есеп айырысу мүмкіндігіне ие болады.  Ал 2025 жылы платформаны өнеркәсіптік  деңгейге шығарып,  трансшекаралық есеп айырысу механизмін пысықтайтатын боламыз. Тұтынушыларға смартфондарына жаңа қосымшаларды орнатудың қажеті болмайды. Қолданыстағы банк қосымшаларында цифрлық теңге үшін бөлек әмиян пайда болады", - деді ҚР Ұлттық банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының төрағасы Бинұр Жәленов.



Ұлттық банк қазақстандықтар арасында сауалнама да жүргізген. Нәтижесінде, респонденттердің 60 пайызы цифрлық теңгені пайдалануға дайын екенін айтқан. Жаңашылдықты тиімді ендіру үшін елдің бас қаржы ұйымы халыққа түсіндіру жұмыстарына баса мән бермекші. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлы теңге #ұлттық банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);