ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Цифрлық шешімдер: Алматыда сізді суретке робот түс...

Цифрлық шешімдер: Алматыда сізді суретке робот түсіреді

Алматы 21.09.2025, 15:20 374
Цифрлық шешімдер: Алматыда сізді суретке робот түсіреді
Самат Құсайынов
Бүгін Алматыда заманауи Digital Fest Almaty фестивалі өтуде. Үлкен интерактивті алаңға айналып шыға келген Панфилов көшесіне жиналған алматылықтар мен шаһар меймандарына роботтар қызмет көрсетуде.

Бүгін Алматыда заманауи Digital Fest Almaty фестивалі өтуде. Үлкен интерактивті алаңға айналып шыға келген Панфилов көшесіне жиналған алматылықтар мен шаһар меймандарына роботтар қызмет көрсетуде.

Қала күнін мерекелеп жүрген тұрғындар цифрлық аймақта жаңа технологиямен жабдықталған ерекше кеңістіктегі дрондар орналасқан “Болашақ сферасын”, Алматының символына айналған "Цифрлық алманы" тамашалауда. VR-ойындар мен тақырыптық фотоаймақтарда кезекке тұрғандар қарасы да аз емес.

Иә, Қала күнінде демалуға, серуендеуге шыққан тұрғындарды қас қағым сәтте-ақ портретіңізді салып беретін суретші-робот, мерекенің мезеттерін мәңгілік естелікке айналдырып беретін фотограф-робот пен ерекше сәттеріңізді бейнебаянға түсіре қоятын оператор-робот та қарсы алуда. 

Жарқ-жұрқ еткен аймақта қыдырып жүрген үлкен де, кіші де көңілді. Олар цифрлық кейіпкерлермен бірге мерекелік атмосфераға еніп кетуде. Бұл фестиваль озық технология мен мәдениет мәйегін тоғыстырып, отбасылық демалысқа, интерактивті ойындарға және балалардың инновациялар әлемімен танысуына мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Президентіміздің күні кеше жарияланған Жолдауында елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру – стратегиялық міндет ретінде белгіленген, ал бұл үдерісте Алматының рөлі бұрынғыдан да маңызды бола түспек. Себебі, мегаполисіміз еліміздегі цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұр.

_”Біздің кезімізде цифрландыру деген ұғым болған жоқ. Немерелерім ерекше көзілдіріктер киіп, түрлі ойындар ойнап мәз болды. “Калейдоскоп” деген фотозонасы да керемет екен. Жәшіктегі алмаларды балаларға роботтың алып беріп жатқаны тіпті қызық. Заманауи көштен қалмай, осылай жаһанданып жатқанымыз Алматыдай алып қала үшін де, оны дамытатын болашақ ұрпақ үшін де маңызды", – дейді қала тұрғыны, зейнеткер Раушан Ескермесова.

Заманауи интерактивті Digital Fest Almaty фестивалі кешке дейін жалғасады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.