AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ШЫҰ-ға келген делегаттар Көшпенділер ойындарымен т...

ШЫҰ-ға келген делегаттар Көшпенділер ойындарымен танысты

Әлеумет 05.07.2024, 15:54 1,027
ШЫҰ-ға келген делегаттар Көшпенділер ойындарымен танысты
Арман Мухатов

«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы ШЫҰ саммитіне қатысқан шетелдік қонақтарды Көшпенділер ойындарымен таныстырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Іс-шараға шараға шетелдік дипломаттар Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия және Чехиядан бірнеше халықаралық журналистер қатысты.

Елімізде үлкен дода өткелі жатыр. Баршамызға, елімізге жауапты сәт, сын. Осыдан 2 жыл бұрын Түркияның Бурса қаласында көшпенділер ойындары Астана қаласында өткізілуі туралы шешім қабылданған еді. Қарқынды дайындалып жатырмыз. 21 спорт ойындарынан өтеді. Арнайы 7 спорттық нысандар дайындалып жатыр. «Бір сызықша» логистикасы бойынша өтеді. Қазақ ауылы жасалады. Ал, ашылу салтанаты «Астана-аренада» стадионында болады. Көшпенділер ойындарының бьарысында ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, - деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Қазіргі уақытта 89 елден делегациялар қатысуын растаған. Бұл көрсеткіш 100-ге дейін жетуі мүмкін.

Бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінен 4000 қатысушы қатысады делінген болса, енді қатысушылардың саны 2000-нан асады деген жоспар бар. Солардың барлығын орналастыру үшін қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірге 32 қонақ үй дайындалып жатыр. 320 ат жалға алынды. Делегацияларды жеткізу үшін 130 көлік жалға алынып жатыр, - деді Серік Жарасбаев.

Бүгінгі жиынға келген қонақтарға дирекция Көшпенділер ойындары туралы арнайы бағдарлама дайындады. Көшпенділер ойындарының атмосферасын жеткізу мақсатында «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені қазақы стилде безендендіріліп, ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар қойылды.

Қазіргі уақытта 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер онлайн сатылымға шыққан. Билеттің құны 500 теңгеден 20 мың деңгеге дейін.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көшпенділер ойыны #Жеңіл атлетика #таныстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);