ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / ШЫҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің о...

ШЫҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Билік 14.07.2021, 14:20 1,664
ШЫҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Сурет: Gov.kz
Күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқыланды.

Күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқыланды.


 14 шілде күні Тәжікстан Республикасының төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ШЫҰ СІМК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.


Отырыс алдында ШЫҰ елдерінің Сыртқы істер министрлерін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.



«СІМК барысында ШЫҰ елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары ұйымның 20 жыл ішіндегі қызметін қорытындылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады. ШЫҰ қызметін одан әрі дамытудың бірінші кезектегі міндеттері және ұйымның басқа да көпжақты құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды»,– делінген Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Өз сөзінде Министр Мұхтар Тілеуберді ШЫҰ-ның халықаралық қауіпсіздік пен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі мен маңызын атап өтті. 



«Ұйымның басқа мүшелерімен бірге Қазақстан ұйымның зор әлеуетін толыққанды іске асыруға өзінің тұрақты түрде лайықты үлесін қосуға ұмтылуда», - деді Қазақстан СІМ басшысы.



Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері 2021 жылғы қыркүйекте Душанбеде өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына дайындық барысын мақұлдап, сондай-ақ Душанбе декларациясы және мерейтойлық саммиттің басқа да қорытынды шешімдерінің жобаларын бекітті.


Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің ақпараттық хабарламасы қабылданды.


Сол күні Сыртқы істер министрлері деңгейінде «ШЫҰ – Ауғанстан» Байланыс тобының отырысы өтті, оның барысында қатысушылар АИР-дағы ағымдағы әскери-саяси жағдайды және ШЫҰ-ның Ауғанстанмен одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ШЫҰ Байланыс тобының Ауғанстанмен кездесу қорытындысы бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.


Іс-шара аясында Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Сыртқы істер министрі Махмуд Курешимен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.