Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шымкентте 400-ге жуық ұландықтар Отанына адал болу...

Шымкентте 400-ге жуық ұландықтар Отанына адал болуға ант берді

Әлеумет 03.08.2024, 16:25 1,002
Шымкентте 400-ге жуық ұландықтар Отанына адал болуға ант берді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсынан өтіп Отанына адал болуға салтанатты түрде ант берді және Отанның толыққанды қорғаушыларымен бір қатарға тұрды.

Осы салтанатты іс-шарамен жас ұландықтарды 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахманов құттықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- «Сарбаз мырзалар! Сіздер Отанға адал болуға әскери ант бердіңіздер. Сіздердің әрқайсыларыңыз бұл күнді өмір бойы есте сақтайсыз деп үміттенемін және әрқашан Отанға абыроймен қызмет атқарасыздар деп ойлаймын. Сіздерді әскери ант қабылдағандарыңызбен, ал құқықтық тәртіп әскерлерін жаңа толықтырумен құттықтаймын. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға, барша халқымызға, барша мемлекетімізге табыс, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін», - деді Марат Оралұлы.

Әскери ант - бұл мемлекетке, өз елінің халқына адал болуға ант беру. Әскери ант беру «әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі қызмет жарғысымен регламенттеледі. Бұл әскери істің жолына түсу кезінде адам кездесетін алғашқы маңызды әскери қызмет актілерінің бірі.

Әскерге шақырылушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтауға жауынгерлердің ата-аналары, жақын туыстары мен әскери бөлімнің ардагерлері келді.

Жас сарбаздардың бірі қатардағы жауынгер Айтмаханбек Әлібай Астана қаласынан шақырылды. Ол бүгін өз қызметтестерінің алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

- «Біз өзіміз қабылдаған әскери антқа адал боламыз және Шымкент қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Біз алдымызға қойылған барлық міндеттерді толық көлемде орындаймыз және мемлекеттің қауіпсіздік ісіне өз үлесімізді қосамыз», - деді жас ант беруші.

Әскери бөлімнің ардагері запастағы подполковник Сұлтан Нұрымбетов әскерге шақырылушыларға өз тілектерін жолдады. Ол біздің елімізде әскери борышын орындау, отбасын, Отанын қорғау әрбір ер адамның қасиетті міндеті болғанына және болатынына сенім білдірді.

- «Армия - бұл жас жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Қызмет еткен жылдар Сіздердің мінездеріңізді шыңдайтынына күмәнім жоқ», - деді Сұлтан Жанабайұлы.

Іс-шара соңында жас ұландықтар салтанатты саппен, әскери оркестрдің дауысына қадам басып, командирлері мен ата-аналарының алдында салтанатты шерумен өтті.

Ант берген әскери қызметшілер жақын арада Шымкент және Түркістан қалаларының көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға кірісетінін атап өткен жөн.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #Ұлан #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.