ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Шымкентте 12 бала астан уланды

Шымкентте 12 бала астан уланды

Білім және ғылым 23.03.2023, 10:45 1,586
Шымкентте 12 бала астан уланды
Министрлік олимпиадаға қатысушылардың улану жағдайына түсінік берді.

Министрлік олимпиадаға қатысушылардың улану жағдайына түсінік берді.


Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Шымкентте өтіп жатқан республикалық олимпиада кезінде оқушылардың астан жаппай улануына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Осы күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр.


Балалардың астан уланып қалғаны жөнінде әлеуметтік желілерде жазылуда. Шағымдарға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы да, Оқу-ағарту министрлігі де жауап берді.



«21 наурыз күні олимпиаданың 904 қатысушысының 12-сінде дене қызуының көтерілуі, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы түрінде сырқат белгілері пайда болды. Шақырылған жедел жәрдемнің медицина мамандары қарап шыққаннан кейін балаларды Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасына жеткізу шешімі қабылданды.


Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақталды. Шымкент қаласының санитарлық-бақылау қызметі болған оқиғаның себебін анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Балалар медицина мамандарының бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті аталған қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуде», - делінген «Дарын» орталығының ресми мәліметінде.



Атап өтілгендей, олимпиаданың екінші кезеңі белгіленген уақытта басталған. Ауруханада жатқан 12 оқушы оған қатыса алмады.



«Дегенмен де, оқушылардың олимпаданың қорытынды кезеңіне жолдама алуы таңдаған пәні бойынша олардың жоғары дайындығын көрсетіп отыр. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті жеңіске деген жігері үшін балаларға алғыс айтады және олимпиада нәтижесі бойынша олар ынтыландырылатын болады», - деді орталықтан.



Ал министрліктің мәліметіне сүйенсек, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Шымкентке вице-министр бастаған делегация аттанып кетті.


«Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен вице-министр Шолпан Каринова, Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанып кетті. Жұмыс тобы әрбір мәселені мұқият тексеретін болады. Жағдай Оқу-ағарту министрлігінің жеке бақылауында», - деп жазды министрдің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова. 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.