Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағына көліктердің...

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағына көліктердің кіруін шектеу шарттарына өзгеріс енгізілді

Әлеумет 10.03.2023, 09:06 1,041
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағына көліктердің  кіруін шектеу шарттарына өзгеріс енгізілді
Сурет: Ашық дереккөз

Көлік жүктемесі мен қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылғы 8 сәуірдегі №2/122 «Алматы қаласының кейбір аумақтарына көліктің кіруін шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Электрлік қозғалтқыш автокөліктері (электрмобиль) мен шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтер мен арнайы текхникадан басқа көліктердің барлығына тау шаңғы курорты аумағына кіруге шектеу қойылады.


Қолданылған шаралар көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін болады. Еске сала кетейік, бұған дейін сол жердің тұрғылықты тұрғындары мен жекеменшік иелеріне қозғалтқыш типіне қарамастан «Шымбұлақ» ТК аумағына кіруге рұқсат етілетін.


2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Медеу» МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) соларға қызмет көрсететін көліктерге шектеу күшіне енеді. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілеріне электр қозғалтқышты көлік сатып алу үшін «Алматы» ӘКК» АҚ қарасты «Алматы» МҚҰ» арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6% жылдық мөлшерлемемен 30 млн дейін кепілді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі беріледі. Борышкердің жеке меншігі сатып алынатын көлік құралының 50%-нан кем болмауы тиіс.


Іштен жанатын сұйық отынды қозғалтқышпен жүретін көліктердің жүрісін шектеудің негізгі мақсаты – зиянды шығындыларды азайтып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану.  Халықаралық тәжірибеге сәйкес мұндай экологияық аумақтар «зиян шығындылардың төмен деңгейі аумағы» дегенді білдіретін «Low Emission Zone» (LEZ) белгісімен белгіленеді. Шетелде LEZ жүйесі жыл бойы 24/7 демалыс күндері де әрекет етеді. 


Ақпарат үшін:
 «Казгидромет» РМК ақпаратына сәйкес 2022 жылы Алматы қаласы бойынша атмосфераны ластау индексі 5-ті құраған (жоғары). Жылына 127 мың тонна есептік шығарындылардың 70 мың тоннасы автокөліктерге тиесілі,  46 мың тонна – на стационарлы ластау көздеріне (оның ішінде ЖЭО-2), шамамен 11 мың тонна –  жеке секторға тиесілі. Автотранспорт атмосфераны ластаудың негізгі көзі болып отыр. Қазіргі кезде Алматыда шамамен 560 мың автомобиль тіркелген, (оның ішінде электромобиль саны 958), күн сайын қала аумағына 200 мыңнан астам көлік кіреді. Ал оның 58%-ының қолданыс мерзімі 14 жылдан 40 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымбұлақ #көлік #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.