AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежай салынбақ

Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежай салынбақ

Әлеумет 30.11.2024, 14:22 1,190
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежай салынбақ
bizdinoskemen.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жаңа әуежайдың құрылысын салу үшін жобалық құжаттама әзірлеу басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаңа әуежай Сатпай ауылында, Зайсан қаласынан 28 шақырым қашықтықта орналасады. Бұл туралы Зайсан аудандық әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

— Әуежай құрылысын салу аймақтың туризмін дамытуға және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз тек әуежай салумен ғана шектелмей, сонымен қатар заманауи инфрақұрылымды құруды жоспарлап отырмыз. Бұл инфрақұрылымға жаңа жолдар, логистикалық қоймалар және басқа да нысандар кіреді. Олар көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді, — деп атап өтті Нұрғайни Қабидолдина.

Сонымен қатар, ауданның туристік әлеуетін дамытуға «Омск — Майкапшагай» автожолын қайта жаңарту да үлкен әсер ететін болады. Жұмыстар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жүргізілуде, ал жобаның жалпы құны 17,4 миллиард теңгені құрайды.

Бұл ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске қосылуы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға, Шығыс Қазақстандағы көлік логистикасын жақсартуға және жергілікті бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #Зайсан #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);