Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шұғыла шағын ауданында жаңа демалыс аймағы салынад...

Шұғыла шағын ауданында жаңа демалыс аймағы салынады

Әлеумет 25.07.2024, 11:03 1,124
Шұғыла шағын ауданында жаңа демалыс аймағы салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Алматының  Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынады
 
 
Шұғыла шағын аудан тұрғындарының өтініштері бойынша балалар және спорт алаңдары бар ұзындығы 350 м жаяу жүргіншілер аймағы жабдықталатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Жұмыстар осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады. Жаңа демалыс аймағы  Шұғыла шағын аудан тұрғындарын қамтамасыз етеді әрі демалуға және жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.


 
«Халыққа қатысатын бюджет» аясында Наурызбай ауданында жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады. Бұл қоғамдық кеңістіктерді, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру желілерін қалпына келтіру, автоматтандырылған суару жүйесі, көгалдандыру жобалары. Сонымен қатар, осы жылдың қараша айына дейін 16 аула аумағы жөнделеді. Осы мақсаттарға қосымша 380 млн теңге бөлінді.


 
Жалпы Алматыда ағымдағы жылы «ХҚБ» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #демалыс аймағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.