AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шуда тәртіп сақшыларын жабыла ұрғандардың арасында...

Шуда тәртіп сақшыларын жабыла ұрғандардың арасында қыздар да бар

Оқиға 11.05.2022, 12:38 1,275
Шуда тәртіп сақшыларын жабыла ұрғандардың арасында қыздар да бар
Cурет: Almaty.tv

Күш қолданған 13 адам полицияға жеткізілді


Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған 13 адам полицияға жеткізілді. Олардың арасында 2 қыз да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 7 мамырына қараған түні Жамбыл облысы Шу ауданының полиция бөліміне бір топ адамның полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шу қаласының көлік бекеті маңындағы алаңқай жанында патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ-21014» маркалы автокөлігін алдыңғы жағында мемлекеттік нөмірі болмағандықтан тоқтатқаны анықталды. Мән-жайды анықтау барысында автомашинаның жүргізушісі мен жолаушылары заңды талаптарға бағынбай, басқа да таныс адамдарымен бірлесіп, билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен. «ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігі (билік өкілдеріне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шу ауданының полиция бөліміне 13 адам, оның ішінде 2 қыз жеткізілді. Қақтығыстың 8 белсенді қатысушысы ұсталды, 6 адамға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ал қыздарға қатысты үй қамағына алуға санкция берілді»,-делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомство хабарламасында қылмыстың тағы бір белсенді қатысушысына қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланғандығы айтылған. Қазіргі уақытта полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тәртіп сақшылары #шу #төбелес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);