AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең бастал...

ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең басталды

Оқиға 18.05.2022, 03:09 1,148
ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең басталды
Cурет: Inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында сел тасқыны және лай көшкіні қаупі бар кезең басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 146 мұздық көлден сел қаупі бар. Оның 98-і Катонқарағай ауданында, 16-ы Зайсан қаласында, 2-уі Үржар ауданында және 30-ы Риддер қаласында орналасқан. Олар 13 елді мекенге қаупі бар (Зайсан қаласы, Сарытерек, Катонқарағай, Аршаты, Өрел, Берел, Кутиха, Қазымбет, Науалы, Қаратөбе, Қызыл кесік, Тұғыл және Маңырақ ауылдары) сел тасқынының 23 ошағын туындатып отыр. Сондай-ақ облыстың 4 ауданындағы 9 өзенде лай көшкіні қаупі бар. Бірақ тоғызы түгелдей елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Риддер қаласындағы - 1, Алтай ауданындағы - 2, Катонқарағай ауданындағы - 3 тасжол учаскесінде және «Өскемен-Алтай» теміржолында лай көшкіні қаупі сезіледі. «Соған орай мамыр айының ортасынан Шығыс Қазақстан аумағында 13 бақылау бекеті жұмыс істей бастады.



«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері он күн сайын сел және лай көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізетін болады. Сондай-ақ мұздық көлдердің жай-күйіне, Громотуха, Бұқтырма, Ақ Үбе, Тұрғысын өзендері бассейндерінің сел қаупі бар учаскелеріне әуеден барлау жасалады», - делінген ақпаратта.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШҚО #сел #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);