AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс...

Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды

Спорт 31.10.2022, 02:00 1,354 Almaty-akshamy
Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды


Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті.
Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді.
Жекелей сында Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта медаль үшін таласуға мүмкіндік беретін А финалына өте алмады. Ол В финалында екінші орынға ие болды. Ал Денис Никиша жартылай финалда пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды.


Әйелдер арасында 3 мың метрлік эстафетада Нидерланд, Канада және Италия қыздары үздік үштікке ілікті.


Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогінің Монреаль кезеңіне қатысқан жоқ.
Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Сондай-ақ желтоқсан айында Алматы қаласына да кезек тиеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен ҚР құрамасы әлем кубогі кезеңінің финалына өткенін жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шорт-трек #Әлем кубогі #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);