Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шопандар күні атап өтілді

Шопандар күні атап өтілді

Әлеумет 18.07.2023, 06:11 836
Шопандар күні атап өтілді
Сурет: ашық дереккөз

Жетісу облысының малшылар қауымы шопандар күнін атап өтті


Осылайша жыл 12 ай бойы мал соңында жүріп, төрт түліктің санын еселеп өсірумен айналысып жатқан қарапайым еңбек адамдарына Шаған тауының баурайында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Онда қазақтың ұлттық ойындары ойналып, үздік малшылар марапатталды. Сондай азаматтардың бірі Қабдолда Жамаубаев. Қолына құрық ұстап, 40 жыл бойы жылқы баққан ол, бүгінде етті-жүнді бағыттағы меринос қой тұқымын өсірумен айналысады. Қожалығындағы қой саны мың басқа жеткен.



«Біз үшін шопандар тойы бір жылдың есебі іспетті. Қыстан аман-есен шығып, малымызды төлдетіп, жайлауға көштік. Осыны ұмыт қалдырмай елеп ескеріп, Шаған тауының етегінде, шопандар тойын ұйымдастырған Көксу ауданының азаматтарына айтар алғысым шексіз», – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Қабдолда Жамаубаев.



Шопандар тойы бұл өлкеде соңғы рет 2012 жылы аталып өтіпті. Міне арада 10 жылдан астам мереке қайта жалғасты. Шара барысында үздік шопандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.



- Атам бақты, әкем бақты. Өзім бақтым. Жүз жылға келіп тұр. Кейіннен енді жылқы сәндік, қой байлық деген бар. Қойға ауысып кеттік. Қойдың шаруасымен ары қарай жүріп жатқан жайымыз бар. Бала-шаға, ағайын туыс бәрін асырап. Шопандар тойы өте жақсы. Ауданның әкімдеріне, жігіттердің барлығына рақмет!-деп ризашылығын білдірді Қабдолда Жамаубаев.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шопандар #мереке #Жетісу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.