ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Шөп қатаяды, гүл «қартаяды»

Шөп қатаяды, гүл «қартаяды»

Өмір-өзен 17.08.2023, 06:22 1,615
Шөп қатаяды, гүл «қартаяды»
Сурет: ашық дереккөз
Тамыз айында өткен жолы айтқанымыздай, бірқатар амал болады, жұлдыздар туады. Шілде өткесін Шолпан жұлдыз таң алдында шығыстан жарқырап туса, күз жиын-терімге қолайлы, қыс шаруаға жайлы болады...

Тамыз айында өткен жолы айтқанымыздай, бірқатар амал болады, жұлдыздар туады. Шілде өткесін Шолпан жұлдыз таң алдында шығыстан жарқырап туса, күз жиын-терімге қолайлы, қыс шаруаға жайлы болады деген бұрыннан келе жатқан болжам бар. Қазір шілде аяқталып, күздің нышаны сезіле бастады. Осы мезгілде ұйқысын қиып, таңнан бұрын шығысқа көз салған адамның Шолпан жұлдызын аңғарары анық.


Қазекең таң алдында шығыс оңтүстік жақтан жарқырап көрініп, көкжиекті ерекше жарық етіп тұратын үлкен жұлдызды «Шолпан жұлдызы» деп атаған. Бұл жұлдыздың «алтын жұлдыз», «таңшолпан», «керуен жұлдыз», «таңсөгер», «таңтаңба», «шопан жұлдыз», «малшы жұлдыз» деген де атаулары болған. Шолпан жұлдызы мен Таңшолпан жұлдызының қатар туғанын көрген адам жеті атасына дейін бақытты, таусылмас дәулетті, мол ырзықты болады, ұзақ өмір сүреді деген ырым-жорамалымыз да жоқ емес... 
Бұл екі жұлдызды таңмен таласа оянған қыз бен жігіт қатар көрсе, екі дүниеде бір-біріне ғашық болып, араларына жамандық кірмей, ұрпақты, ғұмырлы болады деп есептеген. 
Тамыздың екінші оқиғасы – шөп қатаятын, гүл «қартаятын» Таразы туады... «Таразы туған түні шөп сабағы дәрі», «ем іздесең таразының шөбінен ізде, жем іздесең таразының шөбін күзе» деген тамаша тәмсіл бар. 
Табиғат тамыршысы атанған байырғы бабалар жаз ортасы ауа бастағаннан аспан жұлдыздарына көз тігетін болған. Қай күні аспаннан жарқ етіп Таразы жұлдызы туа қалса, күздік жиын-терімге кіріседі. Малдарды қырдың ақ отына қарай айдап бағады. Бір жұма ойдың көк отына, бір жұма қырдың ақ отына баққан малдың еті мен сорпасы дәріге айналады, емдік қуаты жоғарылайтынын қазекеңе өмірдің өзі үйреткен. 
Қазақ аналары бұл кездегі айран, сүт, құрт, ірімшік, іркіт, шұбатты дәрі ретінде балаларына мейлінше ішкізіп-жегізеді. Әсіресе, «қымыздың дәмі келді, таразы туды, қымыз дәрі, сары қымыз – ауруға ем дәрі қымыз» деп ұғынған. 
Таразы жұлдызы жаз бен қыстың, көктем мен күздің, ыстық пен суықтың, салқын мен жылының арасын таразылап тұрады. Сондықтан бұл жұлдызды қазақ «таразы жұлдызы» немесе «қазы жұлдыз» деп атап кеткен. Таразы жұлдызы туған күннен бастап күздің алғашқы ұсақ маржан, салқын жаңбыры басталады. Қырдың қара оты таразы жаңбырымен қайта жайқалып өсіп толады. Артынан тез сірге айналады. Жайылым малға ерекше жұғымды бола бастайды. Төрт түлік тез қоңданады, шілденеді. Шыныланып, жұп-жұмыр болып семіреді... 
Биыл қоян жылы екенін естен шығармайық. Бұрын-соңды болмаған небір апатты, қайғы оқиғалар елімізде ғана емес, әлемде орын алып жатыр... Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. 14 тамызда таңертең Белуха тауының айналасын қар басып қалды. Синоптиктер облыста дауылды ескерту жариялады. Күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15–20 метрге жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.