AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шірімейтін қоқысты жерге көміп жатыр: зауыт басшыл...

Шірімейтін қоқысты жерге көміп жатыр: зауыт басшылығының заңсыз әрекеті әшкере болды

Заң мен тəртіп 19.01.2026, 09:55 844
Шірімейтін қоқысты жерге көміп жатыр: зауыт басшылығының заңсыз әрекеті әшкере болды
скриншот

Алматы облысында Lay’s қытырлақтарын шығаратын PepsiCo компаниясы зауытының құрылысында істейтін  жұмысшылардың бірі зауыт басшылығының заңсыз әрекетін жайып салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жұмысшының айтуынша, «Нак» Нұр Астана Құрылыс компаниясы» құрылыс қалдықтарын жоймай, жерді қазып көміп тастап жатыр.

Автор видео жариялап, өзінің осы әрекетті көрсеткені үшін жұмыстан қуылатынын да айтты. Бейнежазбада КамАЗ көлігі әртүрлі ерімейтін, шірімейтін қоқысты тиеп әкеліп, қазылған шұңқырға төгіп жатыр, содан кейін ол жер тегістеліп, ештеңе болмағандай бәз баяғы қалпына келтіріледі.

«Зауыттан шыққан қоқыс. Пакеттер. Шіріп жерге сіңіп кететін де нәрсе емес. Осы шұңқырға әкеп төгеді, сосын бетін тегістеп жауып тастайды. «НАК» Нұр Астана Құрылыс» салып жатқан, «прораб» Ержігіт деген адам жасатып жатыр. Өзі жамағатқа сыйлы, жұмаға барып жүрген адам. Ынтымақ ауылындағы жағдай, қазіргі Алатау қаласы. Мені осы үшін жұмыстан шығарып жібереді, кепілдік берем, бірақ айтпасқа болмады, жүрекке тыныштық жоқ. Өзің жеріңді өзің ластағанға кінәлі сезінесің, шара қолдансаңыздар»,- деді жұмысшы.

Lay’s қытырлақтарын шығаратын зауытың құрылысы 2024 жылы басталған, биылғы наурызда іске қосу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Lay’s
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);