AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шіліңгір шілдеде ауа райы қандай болады?

Шіліңгір шілдеде ауа райы қандай болады?

Әлеумет 01.07.2025, 17:33 946
Шіліңгір шілдеде ауа райы қандай болады?
Сурет: exclusivtv.md

Қазақстанның оңтүстігінде +40+46°С-қа дейін өте қатты ыстық болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Метеорологтардың мәліметінше, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын, жекелеген күндері нөсер жауын, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Республиканың оңтүстік жартысында қатты ыстық және өте қатты ыстық болады, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында тұрақты циклонның әсерінен елдің батысында (Батыс Қазақстан облысы) температуралық фон күндіз +18+26°С аралығында сақталады, онкүндіктің соңына қарай +28+33°С-қа дейін жоғарылайды.

Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасының күндіз +25+33°С-тан +30+38°С-қа дейін біртіндеп жоғарылуы болжанады.

Солтүстік және орталық өңірлерде онкүндіктің басында ауа температурасы күндіз +25+35°С-қа дейін жоғарылайды, кейін +18+23°С-қа дейін төмендейді, Қазақстанның шығысында ең ыстық кезең онкүндіктің ортасында болжанады, ауа температурасы күндіз +30+38°С-қа дейін жоғарылайды.

1-5 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +15+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+39°С-тан +40+46°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Температураның жоғарылауына байланысты бұл аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шілденің екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+42°С-қа дейін, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде +46°С-қа дейін жоғарылайды, салқын күндері +23+28°С-қа дейін төмендейді.

Елдің солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасының түнде +15+23°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +32+39°С-тан +18+23°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шілде #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);