AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шикі қант елімізге баж салығынсыз жеткізіледі

Шикі қант елімізге баж салығынсыз жеткізіледі

Әлеумет 31.03.2023, 13:05 1,198
Шикі қант елімізге баж салығынсыз жеткізіледі
Сурет: Вaq.kz

Бұл дайын өнімнің бағасына оң әсер етеді.


Биыл 30 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысында қатысушылар Қазақстанға шикі қантты баж салығынсыз әкелу ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тарифтік жеңілдіктің арқасында отандық қант зауыттары өз қуаттылығын жүктеу үшін баж салығын төлемей, шикізат сатып алуға мүмкіндік алады.


Онлайн өткен жиында қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин басқарды.



«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық нарықтың 90%-ына қант көрші елдерден жеткізіледі әрі өнімді жеткізу мәселесі түрлі факторларға ұшырайды және тұрақсыз. Сондықтан еліміз өзінің қант өнеркәсібін дамыту туралы шешім қабылдады. Қазір өз шикізатымыздың болмауына байланысты Қазақстанға үшінші елдерден шикізат жеткізу керек», - деді Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.



ЕЭК кеңесінде бекітілген шикізатты баж салығынсыз әкелуге арналған тарифтік квота биыл 9 айда 350 мың тонна болады. Тараптар күзде осы мәселені қайта талқылап, квота көлемін қайта қарауға уағдаласты.


Былтыр Қазақстанда қант зауыттары 283 мың тонна қант (33 мың тонна қызылша, 249,9 мың тонна қант құрағы) өндірді. Зауыттардың жүктемесі 50% болды. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 51,5 мың тонна қант өндіріліп, оның 40,4 мың тоннасы импортталды.


Бүгінде «Айналым схемасы» аясында облыс әкімдіктері қант зауыттарына шикізатты уақтылы сатып алу, ішкі тұтыну үшін жеткілікті көлемде және тұрақты бағамен қант өндіру үшін 18 млрд теңге бөлінді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #Баж #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);