AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Шетсіз қала»: Алматының жаңа шағын аудандарында ж...

«Шетсіз қала»: Алматының жаңа шағын аудандарында жолдар салынуда 

Әлеумет 05.11.2021, 07:02 1,375
«Шетсіз қала»: Алматының жаңа шағын аудандарында жолдар салынуда 
almaty-akshamy.kz

 «Жаңа Алматы» Кешенді жоспарының іске асырылу барысын сараптамалық талқылау аясында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері көтерілді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Дөңгелек үстел барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов «Жаңа Алматының» көлік құрылымын қалыптастыру туралы айтып берді. Мегаполистің көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 3097 шақырымды құрайды. Бұл ретте қалаға қосылған шағын аудандарда 299 километр жолдың қатты жабыны жоқ. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 80%-дан 83%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 



«Шаңырақ-5, Нұршашқан, Самғау, Әлмерек, Қайрат, Өжет шағын аудандарында жолдардың құрылысы мен күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, ұзындығы 201,1 км 206 көшенің орташа жөндеуі аяқталды, Думан шағын ауданының 59 көшесінде 30,5 км жол күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 6,7 шақырым болатын Абай мен Саинның екі радиалды көшелерін тесу жүріп жатыр», - деді Алмас Батанов. 



Сонымен қатар, Таусамалы кентіндегі Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін ұзындығы 1,2 шақырым болатын Алматы көшесін қайта жаңарту аяқталды. Рысқұлов даңғ. – Емцов к., Сейфуллин к. – Жансүгіров к., Бұқтырма к. - Құлжа трактісі көлік айырықтарының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. 
 
2022 жылдың бірінші тоқсанында қала маңындағы жолдар қауіпсіз болады. 12 бағдаршам объектісі орнатылады, 10 реттелетін және 30 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жасалады.
 
Жалпы, «Жаңа Алматы» жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қалаға қосылған шағын аудандардағы өмір сапасын жақсартады, қала тұрғындарының, сондай-ақ Алматы облысындағы аудан тұрғындарының мобилділігі артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар #батанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);