AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру тәрті...

Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру тәртіптері өзгермек

Әлеумет 08.11.2022, 12:00 1,326 Almaty-akshamy
Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру тәртіптері өзгермек
Сурет: 24kz

Талқылау 22 қарашаға дейін 


ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Тиісті бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Құжат «адам саудасының құрбаны» және «пана іздеген адам» терминдерімен толыққан.



«Адам саудасының құрбандарына және пана іздеген адамдарға қатысты қабылдаушы тарап жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Уақытша тұруға рұқсат ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді, бірақ үш айдан аспайды», - делінген құжатта.



Ал тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгініп, тиісті құжаттары мен өтінім берген иммиграттарға талаптарға сәйкес келген жағдайда 90 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға рұқсат беріледі.
Қызмет бабымен Қазақстанға келетін шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат белгіленген мерзімге ресімделеді. Егер оны ұзартатын болса, жалпы елде болу уақыты 1 жылдан аспауы тиіс.
Сонымен қоса, жаңа өзгеріске сәйкес, гуманитарлық мақсаттар бойынша көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде ұзарту құқығымен 90 күнге беріледі.
Бұйрықты ашық талқылау 22 қарашаға дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін депутаттар сауалына жауап берген Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ресей азаматтарының Қазақстанға келіп-кетуі қалыпты деңгейге оралғанын атап өткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #шетелдіктер #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);