Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдіктер саусақ іздерін тапсыра бастады

Шетелдіктер саусақ іздерін тапсыра бастады

Әлеумет 30.01.2024, 10:46 977
Шетелдіктер саусақ іздерін тапсыра бастады
Сурет: Egemen.kz

Қаңтар айынан бастап әлемнің әр түкпіріндегі Қазақстан елшіліктері елімізге келетін шетел азаматтарынан саусақ ізін алуды бастады.


Вашингтондағы Консулдық қызметте Қазақстанға баруды жоспарлаған шетелдіктерді дактилоскопиялық тіркеуден өткізіп жатыр. Визаға өтініш берген өзге ел азаматы он саусағының ізін тапсырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ге сілтеме жасап. 


Мұндай талап елімізде тұрақты тұру үшін рұқсат алуға ниет білдірген азаматтығы жоқ адамдарға да қойылады. Жалпы АҚШ азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Бірақ жұмыс, оқу, бизнес мақсатымен  ұзақ мерзімге баратындар үшін виза міндетті. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде елімізге оқуға аттанғалы жатқан америкалық студенттер алғаш рет саусақ ізін тапсырып жатыр. Заң бойынша 16 жастан асқан әрбір шетелдік осы рәсімнен өтуі тиіс. Дактилоскопия әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мемлекеттік органдарға жеке тұлғаларды тез анықтау және көші-қон ағынын бақылап, қылмыстың ізін суытпай ашу үшін қажет. Яғни, ұлттық қауіпсіздік үшін аса маңызды. Заң талабы бойынша шетелдіктердің жеке бас мәліметтері 10 жыл бойы ақпараттық базада, одан кейін 40 жыл мұрағатта сақталады.



«Қазақстан енді ғана тізімге қосылды. Бұл процесс электронды жүйемен байланысты болғандықтан, кейде кішігірім ақаулар болып тұрады, оны  түсінеміз. Бірақ мәселе уақытылы шешіліп жатыр. Біз бұл жерде айтарлықтай үлкен проблема көрмедік», - дейді «American Councils» халықаралық білім менеджері Иракли Саразидзе.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетелдіктер #саусақ іздері #дактилоскопия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.