AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдіктер жеңілдетілген тәртіппен тұруға ықтиярх...

Шетелдіктер жеңілдетілген тәртіппен тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптердің тізбесі кеңейтілді

Әлеумет 14.05.2024, 11:02 794
Шетелдіктер жеңілдетілген тәртіппен тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптердің тізбесі кеңейтілді
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ұсыныстары негізінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін 30 жаңа кәсіппен толықтырды.

Салалық мемлекеттік органдар ұсынатын толықтыруларды ескере отырып, Тізбе денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары, өңдеу өнеркәсібі, IT-технологиялар, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және басқа да салаларда сұранысқа ие 51 кәсіпті қамтиды. 

Тізбеде көзделген кәсіптері бар шетелдіктер ішкі істер органдарында 10 жылға немесе паспорттың қолданылу мерзіміне оңайлатылған тәртіппен тұруға ықтиярхат ресімдей алады.

Жаңартылған тізбе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Тізбедегі жаңа мамандықтар:

Анестезиолог-реаниматолог;

Дәрігер акушер-гинеколог;

Дәрігер-педиатр;

Сәулелік диагностика дәрігері;

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші;

Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман;

Мобильді қосымшаны әзірлеуші;

Компьютерлік ойындарды әзірлеуші;

Жасанды интеллект инженері;

Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман;

Ақпараттық жүйелер сәулетшісі;

Қолданба бағдарламашысы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушы;

Бағдарламалық қамтылым дизайнері;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларының менеджері;

Ақпаратты қорғау инженері;

Бұлттық есептеулер бойынша маман;

Автоматтандыру инженері;

World Wide Web-әзірлеуші;

Бағдарламашы-талдаушы;

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі оқытушы, доцент, профессор

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман;

Сервер әкімшісі;

Қолданба әзірлеушісі;

Ақпаратты қорғау жөніндегі маман;

Графикалық дизайнер;

Графикалық анимация техникасы;

Суретші-иллюстратор;

Дыбыс инженері;

Бейне монтажер.

Тізбенің толық тізімімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034336 сілтемесі бойынша танысуға болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетелдіктер #ықтиярхат #кәсіптер тізбесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);