ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Шетелдіктер де енді ЖСН ала алады, Алматыда самока...

Шетелдіктер де енді ЖСН ала алады, Алматыда самокаттар бақылауға алынды, «Кедендегі» келелі өзгеріс, Құмар ойнаған азар...

Саясат 03.04.2024, 12:24 1,119
Шетелдіктер де енді ЖСН ала алады, Алматыда самокаттар бақылауға алынды, «Кедендегі» келелі өзгеріс, Құмар ойнаған азар...
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы
Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені


Алматыда самокаттар бақылауға алынды



Қаладағы рейд барысында қала жолдарында 168 құқық бұзушылықты анықталып, 13 мас жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар 68 мопед және 23 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды, 38 мопед айыппұл тұрағына қойылды.


Былтыр Алматыда самокат пен мопедтер  617 жол апатына себепкер болған.


Өмірбек Байгелді өмірден озды



Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Өмірбек Байгелді – 1996-1999 ж.ж Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы Төрағасы болды.


Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.


«Кедендегі» келелі өзгеріс



Алматыдағы «Жетісу» кеден бекетінде 2024 жылғы 2 сәуір - 30 маусым аралығында «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктерді декларациялау жөніндегі пилоттық жоба жүргізілуде.


«Кеден» жүйесінде жұмыс істеу үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Ақпараттық жүйе https://keden.kgd.gov.kz/ сілтемесі бойынша қол жетімді.


Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда тегін оқитын болды



Студенттерге шәкіртақы беру туралы да Меморандумға қол қойылды. Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның төрт жетекші университетінде (Sungkyunkwan University, Kyung Hee University, Hanyang University, University of Seoul) білім ала алады.


Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул мэрі О Се Хунмен кездесті.


Құмар ойнаған азар...



7000-нан астам адам өздерін құмар ойыннан шектеген. 18 наурыздан бастап құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға дербес шектеуге арналған онлайн-сервис іске қосылды. Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі қанша азаматтың онлайн ойын ойнауға тыйым салғанын айтты. 18 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға дербес шектеуге арналған онлайн-сервис пилоттық режимде іске қосылды.


Әскери шеру өткізбейміз



Еліміз әскери шеру өткізбейтін болды, былтыр да әскери шеру өтпеген болатын. Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шерулер өткізілмейді.



"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ", деген ақпарат таратты бүгін Қорғаныс министрлігі.



Мамырда неше күн демаламыз?



Еgov.kz-те мамыр айында үш мемлекеттік мереке тойланатыны көрсетілген. Қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. Мереке қарсаңында бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс күні көрсетілген.


Шетелдіктер де енді ЖСН ала алады



Бұйрық 2024 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Шетелдіктер  Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады.


"Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба аясында енді шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады" , – делінген құжатта.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.