AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігі қа...

Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігі қалай жұмыс істейді?

Әлеумет 03.12.2024, 11:19 1,231 dulatbekova
Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігі қалай жұмыс істейді?
Сурет: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа, жетілдірілген тетігін әзірледі.

Жаңа механизм адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды, деп хабарлайды aqshamnews.kz аталған министрлікке сілтеме жасап. 

Шетелдік рұқсат бланкі (ШРБ) — бұл тасымалдаушыларға жүкпен шетелге  шығуға мүмкіндік беретін құжат.

1. ШРБ алуға өтінімді қараудың барлық процесі толығымен автоматтандырылды, ал қарау және беру мерзімі қысқартылды. Алдымен тасымалдаушы E-license платформасы арқылы ШРБ алуға сұранысты толтыруы кажет. Сұранысты қарау мерзімі 2 жұмыс күнінен 40 минутқа дейін, ал ШРБ беру 8 күннен 1 күнге дейін қысқартылды;

2. Бұрын бланкілерді беру жүйесі тарихи ақпарат бойынша жұмыс істеген еді. Мәселен, тасымалдаушылардың өткен жылғы жұмысы немесе халықаралық тасымалдардағы тәжірибесіескерілді. Жаңа ережеге сәйкес тасымалдау тарихы мен өткен жылы көліктің қаншалықты белсенді пайдаланылғаны маңызды емес. Яғни, қалауы мен тиісті рұқсаты бар кез келген тасымалдаушы рұқсат бланкін ала алады. Бұл қазақстандық тасымалдаушылар арасында неғұрлым бәсекеге қабілетті орта құруға мүмкіндік береді.

3.Енді тапшы бланкілерде компанияның атауы және автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.

4.Жаңа тетік шеңберінде автомобильдердің кіру және шығу фактілерін тіркеу «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ШРБ-ны көлеңкелі нарықта қайта сатудың алғышарттарын жоққа шығарады.

5.Тасымалдаушының жеке кабинетіне хабарлама келген сәттен бастап 30 күн ішінде нақты бланк бойынша шетелге шығуға болады. Ескі механизм бойынша бұл көрсеткіш 100 күнге жеткен.

6. Бұрын төлем екі жолмен жүзеге асырылған: екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе онлайн, міндетті мерзімі 5 жұмыс күніне дейін. Енді тек онлайн төлем қарастырылған, ол 40 минут ішінде орындалуы кажет. Төлем туралы ақпарат электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы алынады.

7.Бүгінгі таңда Қазақстан 42 елмен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асырады. Биыл рекордтық алмасу жасалды — 364 705 ШРБ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетелдік рұқсат бланкілері #беру тетігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);