AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдік және қазақстандық әуе тасымалдаушы компан...

Шетелдік және қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялардың тарифтеріне талдау жүргізілді – ҚР ИИДМ

Әлеумет 20.07.2022, 11:11 1,545
Шетелдік және қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялардың тарифтеріне талдау жүргізілді – ҚР ИИДМ
Сурет: Zhaikpress.kz

Әлеуметтік желі пайдаланушыларының жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бағасына қатысты жазбаларына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы тарапта арнайы талдау жүргізді.


Сараптамада отандық және шетелдік авиа тасымалдаушы компаниялардың тарифтері мен баға саясаты қамтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, қазақстандық Fly Arystan лоукост-әуекомпаниясы бірнеше бағыт бойынша шетелдік әуе компанияларымен салыстырғанда тиімді баға ұсынатындығы айқындалды. Мәселен, Fly Arystan компаниясының 3 594 шақырым қашықтықты құрайтын Түркістан – Стамбұл бағытындағы 2022 жылдың 6 қыркүйегіндегі билет құны 86 482 теңге болса, аталған қашықтықтағы Turkish Airlines компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталия бағытындағы биылғы 1 қыркүйектегі билет бағасы 286 823 теңге көлемінде.


Сәйкес бағыт бойынша қазақстандық «Эйр Астана» компаниясының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі билет құны 186 474 теңге мөлшерінде. Бұл тариф түркиялық әуе тасымалдаушының бағасымен салыстырғанда 100 мың теңгеге төмен.


Осы ретте атап өтерлігі, барлық әуе тасымалдаушы компаниялар динамикалық баға саясаты жүйесін қолданады. Мәселен, ертерек брондалған билет құны ұшу алдында алынған билет бағасынан бірнеше есе төмен. Сәйкесінше, талдау барысында түрлі авиакомпаниялардың белгілі бір датадағы тарифын салыстыру маңызды рөл атқарады. Бұл нақты әрі айқын талдау жүргізуге мүмкіндік береді.


Осы тарапта тағы бір мысал, қашықтығы «Pegasus Airlines» компаниясының 2 690 шақырымды құрайтын Стокгольм – Анталия бағытындағы биылғы жылдың 1 қыркүйегінде билет бағасы 42 302 теңгені құрайды.


Талдау нәтижесі көрсеткендей, қазақстандық авиакомпаниялардағы билет құны шетелдік әуе тасымалдаушылармен салыстырғанда тиімді және қолжетімді. Ең бастысы – сапарды алдын ала және дер кезінде жоспарлаған жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуе тасымалы #тариф #талдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);