Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шетелден үш банк келеді...

Шетелден үш банк келеді...

Әлеумет 01.10.2023, 07:08 1,248
Шетелден үш банк келеді...
almaty-akshamy.kz

Біздегі несие арзандай ма?


Қазақстанға шетелден үш банк келеді екен дегенді естіген біраз адам «енді кредит арзандай ма?» деген сұраққа жауап іздегені рас. Егер біз кредит пайызының құрылымын білсек, ондай сұрақтардың жауабын оңай таба алатын боламыз.


Біздің нарықта отандық банктер мен шетел банк[1]терінің еншілес ұйымдары жұмыс істейді. Отандық банк[1]тер S&P рейтингі бойынша В категориясына жатады. Ішіндегі ең мықтысы Халық банк, оның рейтингі ВВ+. Екінші орындағы Каспидің рейтингі ВВ. Ал біздегі шетел банктерінің рейтингі анағұрлым жоғары. «Ситибанк Қа[1]зақстан» мен «Шинхан банк Қазақстан» А+ рейтингіне ие. Банктердің бағыттары түрлі болғанымен, негізгі банктік бизнес барлығына ортақ: кредит, комиссия, казначейлік операциялар. Осының ішінен банкке ең көп табыс әке[1]летіні – кредит.


Кредит пайызы бірнеше фактордан құралады. Ең ма[1]ңыздысы – елдегі базалық ставка. Қазір біздің базалық ставка 16,5%, +/- 1 коридорымен тұр. Плюс минус 1 кори[1]дор деп бекітілсе, демек, кез келген банк Ұлттық Банкке жылдық 15,5 пайызбен депозит орналастыра алады. Ал Ұлттық Банктен кредит алғысы келсе, онда 17,5 пайызбен алады. Бірақ банктер сол 15,5 пайыздан да жоғары табысы бар, еш тәуекелі жоқ ұлттық/квазимемлекеттік компания[1]лардың облигацияларын алып та оңай кіріс ала алады. Демек, қазіргі жағдайда ешбір банк, тіпті шетелден келсе де теңгемен 15,5 пайыздан төмен кредит бере алмайды. Егер беретін болса, әр берген несиесінен шығын алып отырады.



Кредиттің номиналды пайызы базалық ставка мәні, провизия, тәуекел премиясы, банктің маржасынан (табы[1]сы) құралады. Базалық ставка -1 коридормен банк үшін 15,5% дейік. Енді біздегі провизиялар құру қағидасы мен МСФО 9 (қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты) бойынша, кез келген банк әр берген кредитіне провизия (резерв) жасақтауға міндетті. ҚНРДА оны бақылап отыра[1]ды. Мысалы, банк 1 миллион теңге берсе, кем дегенде 0,3%, яғни 30 мың теңгені сол кредиттің провизиясында ешқайда құртпай блоктап ұстап отыруы тиіс. Провизия мөлшері LGD (қарыз алушының дефолты кезіндегі банк шығындары), ОКУ (күтілетін кредиттік шығындар), банк капиталының жеткіліктілігі сынды параметрлерді есепке алып, кредиттің әр санатына бөлек есептеледі. Біз, яғни халық алып жүрген кредиттер «коллективті кредит» кате[1]гориясына жатады.



Провизиядан бөлек, тәуекел премиясы деген дүние бар. Банк облигация сатып алмай, сол ақшаны сізге беру үшін үстінен 2-3% тәуекел премиясын қосады. Оған қоса, банк пайдасы бар. Біздегі коммерциялық банктердің теңгелей кредиттегі ең аз маржасы 4%. Кей банктер одан да жоғары 5–7% алады. Мықты шетелдік банк 3% қоюы мүмкін. Бірақ банктердің ойынша теңгедегі мерзімі 5 жылдан асатын кредиттердің тәуекелі жоғары. Теңгеге әлі толық сенім қалыптаспады. Сондықтан 5 жылдан артық несиені олар тек құнын жоғалтпайтын кепілзат арқылы бере алады.


Сонымен, номиналды банк ставкасын есептейік: банк үшін (-1 коридор) база 15,5%, провизия 0,3%, тәуекел сый[1]ақы 3%, маржа 4% = 22,8%. Яғни біздегі стандартты номи[1]налды ставка осы. Егер супер керемет шетелдік банк келіп, тура осы жағдайда маржаны 3 пайызға дейін азайтып, кредит берсе, онда оның ставкасы 21,8% болады.


Демек, шетелдік банк келсе де, процентті азайта алмайды. Олар келіп экономикаға, кәсіпкерлікке кредит берсе, бизнес климат жақса[1]ра бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #қаражат #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.