AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шетелден көлік әкелемін деп уәде берген: Елордада...

Шетелден көлік әкелемін деп уәде берген: Елордада әйел бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Оқиға 18.11.2025, 11:17 723
Шетелден көлік әкелемін деп уәде берген: Елордада әйел бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды
depositphotos.com

Елорда тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 
 
Алаяқ жәбірленушілерді шетелдегі қатынастары туралы жалған ақпаратқа сендіре отырып, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда оларға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.

Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер бұрын автокөлікті жалға беру компанияларына сотталғанға уақытша пайдалануға берілгендігі анықталды.

Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде тіркеу алдағы уақытқа болжанған. Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген.

Сотталғанның алаяқтық әрекеттерінен 70-тен аса тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңге болды. Сотта прокурорлармен қылмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін толық мойындады. Сотпен қылмыскерге 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Елорда прокуратурасы белгілі бір қызметтерді көрсету құқығын растайтын құжаттары жоқ тұлғалармен мәмілелер жасаудан бас тартуға кеңес береді.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #алаяқтық #сотталау #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);