AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдегі қазақ балалары Бурабай баурайында бас қо...

Шетелдегі қазақ балалары Бурабай баурайында бас қосты

Әлеумет 04.07.2023, 10:09 1,150
Шетелдегі қазақ балалары Бурабай баурайында бас қосты
Сурет: 24.kz

Сегіз мемлекеттен келген 200-ге жуық бала курорттық аймақта демалып жатыр.


Үшінші жыл ұйымдастырылған жазғы лагерге келушілер саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz ақпаратына сүйенсек, былтырғы жылмен салыстырғанда, оқушы саны екі есеге артқан. Оларға қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындары насихатталады. Нұргүл бала күнінен домбыра тартады.  10-нан астам ән біледі. Болашақта қазақ тілі маманы болуды армандайды. Бір қызығы, өнерлі өрен биыл халықаралық байқауға қатысып, Қызылордадағы Қорқыт Ата университетіне грант ұтып алған. 



«Атажұртқа айтар алғысымыз өте шексіз. Шекарадан аттаған кезде бізде бір ыстық сезім болады Отанға деген. Тіпті көңілден жылап жіберетіндей дәрежеде болғанбыз. Біз Өзбекстанда тұрғанымызбен өзіміздің қазақ мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптамызды дамытудан жалықпай келе жатқан халықпыз», - дейді Өзбекстаннан келген қандасымыз Нұргүл Олжабаева.



Демалуға келген балғындардың барлығы түрлі байқаудың жүлдегерлері. Оқушылардың дені Ресей, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген. Ал Белоруссия мен Ираннан тек бір ғана оқушы бар. 


Демалыс уақытында оқушыларға түрлі сабақ ұйымдастырылады. Негізгі екпін алаштану мен Қазақстан тарихына беріліп отыр. Биыл лагерьдегі оқу бағдармаласына бірқатар өзгерістер де еңгізілген. 



«Осы жылы лагерьдің бағдарламасы этно болды. Ағылшын тілі жоқ, тек қана қазақ тілі. Домбыра тарту, алаштан, жасанды интелектімен жұмыс істеу сияқты жаңашылдықтар қостық. Бағдарламаға қазақ рухын ояту үшін, қазақ боламын дегені үшін ауыстырдық», - дейді «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі Дидар Болат.



Оқушылар 14 шілдеге дейін демалады. Жалпы этникалық қазақ балаларын қолдау тек осымен ғана шектелмейді. Жыл сайын қазақстандық жоғарғы оқу орындарында өзге мемлекеттердегі қандастарымыз  білім алуы үшін 6 мың грант бөлінеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетел #қазақ балалары #этно лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);