Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар ү...

Шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді

Әлеумет 08.08.2023, 06:22 1,097
Шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді
Сурет: Halyq-uni.kz

«Ата жолы» картасымен шет елден 50 қандасымыз келеді.


Ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары аясында іске асырылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталайын. Бірінші бағыт – білім иммиграциясы. Мемлекет басшысы Қазақстанды академиялық тұрғыдан ұтқыр және жетекші ғалымдар мен мамандарға тартымды өңірлік хабқа айналдыру мәселесін тапсырған. Осы орайда заманауи кампустары, ғылыми зертханалары бар салалық университеттер ашу үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Кейінгі 2 жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының 6 филиалы құрылды. Нәтижесінде, биыл шетелдік студенттердің үлесі барша студенттердің 4,4 пайызына дейін артты», - деді Т. Дүйсенова.



Сонымен қатар ол екінші бағыт еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға арналғаннын айтты.



«Қазір А-5 санатындағы инвесторлар Шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілді (2022 жылы-95 виза). Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерімізден «бір өтініш» қағидаты бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін және Электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді. Бұдан бөлек, инвестор-бизнесмендердің инвестициялық виза алуына қажет төменгі шекті азайту қарастырылып отыр. А-6 деп аталатын ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатыр. Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағында тұрақты тұру үшін (10 жылға) ықтиярхат алу құқығы беріледі», - деді ведомство басшысы.


«Ал шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Бүгінде «Отандастар» қоры қолында кәсібі бар, елге «Ата жолы» картасы аясында келетін шет елдік 50 қандасымызды анықтап, тиісті іс-шараларды атқарып жатыр», - деді министр.



Атап айтқанда, «Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтықтарын сақтай отырып, 10 жылға дейін тұрақты тұруға рұқсат етіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандастар #ата жолы #елге келу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.