Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шетел азаматына пәтерді жалға берерде нені ескеру...

Шетел азаматына пәтерді жалға берерде нені ескеру керек?

Әлеумет 03.10.2022, 16:00 1,319
Шетел азаматына пәтерді жалға берерде нені ескеру керек?
Сурет: Ашық дереккөзі

Пәтер иесі үш жұмыс күні ішінде шетел азаматы жөнінде миграциялық полицияға хабар беруі тиіс


Қазақстан тұрғындары шетелдіктерге заңсыз үй жалға бергені үшін жазаға тартылуы мүмкін. Олар ескерту алып қана қоймай, 92 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 


Пәтерді қалай заңды береді


1. Миграциялық полицияға хабарлаңыз.


Пәтер иесі шетел азаматы келсе, үш жұмыс күні ішінде ол жөнінде миграциялық полицияға хабар беруі тиіс:


vmp.gov.kz — ҚР виза-миграция порталы, ЭЦҚ болса;
E-qonaq арқылы;
ХҚКО, өзіңіз тұратын жердегі миграциялық полицияға беріледі.
Әйтпесе, құзырлы орган ескерту жібереді.


Сонымен қатар, миграциялық заңнаманы бұзған шетелдікке пәтер жалға бергендерге қолданылатын жаза бар. Алғашында 25 АЕК (76,5 мың теңге) айыппұл салады. Бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК (91,9 мың теңге) төлеуге тура келеді.


Қазақстан аумағында жүру мерзімін сақтамаған бөтен елдің азаматы да жазасыз қалмайды:


үш тәулік – ескерту;
үштен бес тәулікке дейін – 31 800 тг (10 АЕК).
Қазақстанда 10 тәуліктен артық заңсыз жүрсе, 79,5 мың тг айыппұл арқалайды не елден шығарылады.


2. Уақытын созу мүмкіндігін ескере отырып, 90 күннен аспайтын мерзімге келісімшарт жасау қажет.



"Шетелдікке баспана жалға беру ел тұрғынына беруден ерекшеленбейді. Бірақ үйіңізге ресейлік қоныстанса, елде визасыз жүру мерзімін ескеру керек. Сондықтан оның уақытша тұруға рұқсат алуына байланысты уақытын созу мүмкіндігін ескере отырып, 90 күннен аспайтын мерзімге келісімшарт жасауға кеңес беремін", – дейді Krisha.kz заңгері Бақыт Қасымбеков



Құрамына біздің елден бөлек РФ, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіретін ЕЭО азаматтары 90 күн, басқа республика азаматтары 30 күн елде тұра алады. Содан кейін Қазақстаннан кетуге, ал тағы біраз қалғысы келсе, уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті.


Рұқсат мынадай жағдайда беріледі: отбасымен табысу, оқу, емделу, бизнес-иммиграция, миссионерлік қызмет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетел азаматы #пәтер #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.