конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шешімді сарапшылар қабылдайды

Шешімді сарапшылар қабылдайды

Әлеумет 27.04.2022, 14:47 1,378
Шешімді  сарапшылар қабылдайды
inform.kz

Енді мүгедектік тағайындау туралы шешімді тәуелсіз сарапшылар қабылдайды


Мүгедектікті сырттай белгілеу жобасы Алматыда былтыр қараша айында іске қосылды. 12 ауру бойынша сырттай куәландыру қызметін азаматтар елдің басқа өңірлерінде де пайдалана алады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Құсманова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің сөзінше, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ.


Енді мүгедектік тағайындау туралы шешімді тәуелсіз сарапшылар қабылдайды.



«Ерекше қажеттілігі бар адамдарға енді мемлекеттік құрылымдарға барудың, құжаттар пакетін жинаудың қажеті жоқ. Медұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелері арасында электронды құжат айналымы қамтамасыз етілген, бұл мерзімді айтарлықтай қысқартуға көмектеседі, мүгедектерді артық анықтамалардан құтқарады және оларға электронды түрде жүгінуге және нәтиже алуға мүмкіндік береді», - деді ол.



Алматыда пилоттық жоба өткен жылдың қараша айында 12 ауру бойынша іске қосылды. Бұл ретте сырттай куәландыру қызметін елдің басқа өңірлерінде де пайдалана алады.



«Бірінші айда жобаға жеті медициналық ұйым қосылды. Бүгінгі таңда бізбен 39 мемлекеттік медициналық ұйым және 31 жеке медициналық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, 1 наурыздағы жағдайға сәйкес республика бойынша сырттай куәландыруға 19 546 өтінім жіберілді. 2022 жылдың басынан бері Алматыда мүгедектікті сырттай белгілеу қызметін 2 515 адам алды», - деді Алматы қаласы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары.



Гүлнар Құсманова болашақта сырттай куәландырудан өтуге болатын аурулар тізімі кеңейтілетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мүгедектік #көмек #Құсманова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);