конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Шешім әрдайым халықта

Шешім әрдайым халықта

АЭС: Референдум 04.10.2024, 09:55 1,445
Шешім әрдайым халықта
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты талқылаулардың маңызы өте жоғары.

Бұл талқылаулар «АЭС не үшін салынып жатыр, ол кімге керек, мемлекетіміз бен қоғамға қандай пайда әкеледі?» деген маңызды сұрақтарға жауап береді. Халықты толғандырған сауалдарға мамандар нақты және тиянақты жауап беріп отыр. Ең бастысы, барлығы референдумның нәтижесіне байланысты. Халықтың шешімі – бірінші орында.

Біздің университетіміз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, АЭС бойынша білікті мамандар дайындауға қабілетті. Жақында біз «Ядролық инженерия» мамандығын аштық. Оған студенттер қабылданды және олар төрт жыл бойы білім алады. Алғашқы екі жылда студенттер университетте теориялық білім алса, қалған екі жылда Ядролық физика институтында тәжірибеден өтеді. Бұл институтта зерттеу реакторы бар, сондықтан студенттер сол жерде практикалық білімдерін жетілдіріп, нақты тәжірибе жинақтайды.

Қазақстанда Кеңес одағы кезінен бері бірнеше реактор бар және оларды модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Осы реакторларда жұмыс істеген мамандардың барлығы АЭС салу жағдайында да дайын болады. Егер АЭС салу туралы шешім қабылданса, құрылыс жұмыстарының өзі 8–10 жыл уақытты талап етеді. Осы уақыт аралығында қосымша АЭС мамандарын дайындау қажеттігі туындайды. Біз оларды нақты бағыттар бойынша даярлаймыз.

8 жыл – білікті мамандарды дайындауға жеткілікті уақыт деп есептеймін. Қазіргі таңда АЭС салу мәселесі тек энергетикалық қауіпсіздікке қатысты емес, сонымен қатар еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін де маңызды. Осы орайда, бізге білікті кадрлар қажет, ал оларды дайындау біздің қолымызда.
Сондықтан шешім қабылданғаннан кейін, елдің болашағы үшін жаңа энергетикалық кезеңге дайын болуымыз керек. Халықтың пікірі мен қолдауы бұл мәселеде басты рөл атқарады, өйткені АЭС – тек энергетикалық қадам емес, ұлттың ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #жолдау #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);