Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шекарасыз өнер: Алматы ЮНЕСКО мұрасын қорғау үшін...

Шекарасыз өнер: Алматы ЮНЕСКО мұрасын қорғау үшін таланттарды біріктірді

Әлеумет 26.10.2024, 12:51 642
Шекарасыз өнер: Алматы ЮНЕСКО мұрасын қорғау үшін таланттарды біріктірді
Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтары Ұлттық Федерациясы

2024 жылғы 26 қазанда Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасына арналған «The Planet of Art – 2024» Халықаралық жастар фестивалі өтті. 34 елдің жас суретшілері мәдени және табиғи құндылықтарды сақтау туралы терең ойға толы шығармаларын көпшілік назарына ұсынды.

«The Planet of Art – 2024» фестивалі Қазақстанның ЮНЕСКО Ұлттық Федерациясының 15 жылдығын атап өтуде және әлемдік мәдени мұраны қорғау жолында жас суретшілердің басын біріктіретін ерекше шараға айналып отыр.

«The Planet of Art фестивалі – мәдениеттің шекараны жойып, жастығына, ұлтына қарамастан адамдарды біріктіру қабілетінің жарқын мысалы. Бұл жай ғана федерация жобасы емес, бұл - диалог пен шығармашылықтың алаңы», — деді ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті Болат Ақшолақов.

Фестивальдің басты оқиғасы – жас суретшілердің жұмыстары қойылған көрме болды, одан кейін жеңімпаздар Шымбұлаққа пленэрге шығып, шеберлер Ольга Яикова мен Шарифа Шарафходжаеваның жетекшілігімен табиғат көрінісін кенептеріне түсірді.

Фестиваль жалғасы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтті, мұнда жас суретшілер Бауыржан Бәйділдә мен Мұқан Сүлейменовтың мозаика және акрилмен жұмыс істеу техникасы бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тақырыбына ерекше назар аударылды, жас суретшілер көне жәдігерлер, сәулет өнерінің жауһарлары мен табиғаттың нәзік сұлулығын бейнеледі. Бұл туындылар келер ұрпаққа қандай мұра қалдыратынымыз туралы ойландырды.

«The Planet of Art фестивалі тек жаңа есімдерді ашып қана қоймай, маңызды құндылықтарды ұғындырады. Біз бұл жобаны қолдаймыз, себебі өнер өсіп келе жатқан ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті «ERG Komek» ҚҚ директоры Мәди Исмаилов.

Фестиваль қорытындысы бойынша финалистердің жұмыстарын қамтитын альбом ұсынылды, бұл мәдени бірліктің белгісі болды. Әлеуметтік маңызы бар бұл жоба бас серіктесі Eurasian Resources Group (ERG), серіктес CNPC, ресми серіктестері «Теңізшевройл» және TotalEnergies E&P Kazakhstan тарапынан қолдау тапты. Бұл фестиваль балаларға, олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрған жеріне қарамастан, өз таланттарын ашып, қазақстандық жетекші шеберлермен тегін жұмыс істеу мүмкіндігін берді.

Жоба Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросы қолдауымен өтті. Іс-шараның демеушілері қатарында Шымбұлақ тау шаңғы курорты және Kinoplexx & Kinopark кинотеатр желілері бар.

«The Planet of Art – 2024» фестивалі мәдениет арқылы әртүрлі халықтарды біріктіруге және ұрпақтар арасында мәдени көпірлер орнатуға болатынын дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#The Planet of Art – 2024 #ЮНЕСКО #Әлемдік мұра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.