Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды

Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды

Әлеумет 13.01.2025, 09:37 723
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
ҰҚК Шекара қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков өңірлерге жасаған сапары барысында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы шекара басқармасында болды.

Халық қалаулысын департамент бастығы, полковник Әлібек Қаюпов қарсы алып, арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жұмысымен таныстырды. Ел шебінде күрделі тапсырмаларды орындау үшін жасақталған топтың заманауи үлгідегі киімдері мен қару-жарақтары депутаттың назарынан тыс қалмады. Бұдан кейін депутат техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің казармасы мен оқу-өндірістік зертханасын аралап көрді.

Департамент бастығы Әлібек Қаюпов депутатқа Шекара қызметінің бөлімшелеріне қажет мамандық түрлерін даярлау кезінде кездесетін мәселелерді жеткізді. Кездесу барысында шекара басқармасының жылу қазандығын қайта жаңғырту, шекара аумағын сумен қамту және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер қозғалды. Сонымен бірге, өздерінің Отан алдындағы борышын туған елінің шекарасында өтеген сарбаздардың әскерден кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі де сөз болды.

Шекара басқармаларының оқу базасында жас жауынгерлер курсынан өткен сарбаздарға мамандық алғанын айғақтайтын сертификат беріледі. Алайда, бұл құжат сарбаз әскерден оралған соң өзінің күшін жоғалтады. Полковник Әлібек Қаюпов бұл мәселені депутатпен бірге талқылады.

– Мемлекет әскери қызметшілердің қызметін жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіс. Заманауи техникалармен қамтамасыз етумен бірге тұрмыстық мәселелер де назардан тыс қалмауы керек. Шекарада сапалы және қауіпсіз қызмет атқару үшін барлық жағдай болуы қажет, – деп атап өтті Олжас Құспеков.

Шекарамыздың тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы сын көтермейтінін бұған дейін де депутаттар талай рет көтерген еді. Әсіресе, шіліңгір шілде мен қақаған қаңтарда жұмыс істейтін шекарашылардың жағдайын жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалуы қажет.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #әскер #сарбаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.