AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шекарада шегенделген шетелдікке үкім шықты

Шекарада шегенделген шетелдікке үкім шықты

Әлеумет 22.02.2023, 08:56 1,123
Шекарада шегенделген шетелдікке үкім шықты
Сурет: ашық дереккөз

Шекарадан 30 келіден аса героин алып өтпек болған шетелдікке сот үкімі шықты.


Түркістан облысында 30 келіден астам героинді Ресейге тасымалдамақ болған шетелдікке сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, шетел азаматы 2022 жылдың 22 шілдесінде сағат 18.00 шамасында өзіне тиесілі «Ғord Mondeo» автокөлігімен Өзбекстанның «Гишт-куприк» шекара бақылау бекетінен өткен. Содан Қазақстан Республикасының «Жібек жолы» мемлекеттік шекара бақылау бекетіне келіп тоқтаған.


Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау бөлімінің кинолог маманы «Белка» лақап атты қызметтік итпен тәжікстандықтың басқаруындағы көлікті тексерген. Тексеру барысында көліктің астыңғы жағында орналасқан жанар-жағармай багінде жасырылған 63 дана түссіз полиэтилен пакеттерге оралған заттар табылған. Табылған зат 31 килограмм 465,2 грамм героин болып шыққан.


Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу/аяқталмаған қылмыс), 286-бабы 4-бөлігі (Айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу) айып тағылды.



«Тәжікстан азаматы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауын сұрады. Сот үкімімен сотталушы өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.



Шетелдік азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Героин #шетел #шегендеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);