Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шегірткелердің ұшып келу қаупі жоғары аймақтар ата...

Шегірткелердің ұшып келу қаупі жоғары аймақтар аталды

Әлеумет 19.06.2024, 17:54 854
Шегірткелердің ұшып келу қаупі жоғары аймақтар аталды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін қорғаныс іс-шараларының тиімділігін төмендетуге жол бермеу және тұрақты фитосанитарлық жағдайды сақтау үшін ҚР АШМ Ресей Федерациясына шекара маңындағы аумақтарда шегірткелердің таралуын бақылауды күшейтуді сұрап хат жолдады.

Жағдай вице-премьер Серік Жұманғариннің жіті бақылауында. Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Денис Паслермен және екі елдің салалық ведомстволарымен бірлесіп қарсы іс-қимыл шаралары пысықталуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, РФ Үкіметінің орынбасары Дмитрий Патрушев және РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут арасындағы шекара маңы аумақтарында шегірткенің таралу қаупі туралы келіссөздер нәтижесінде Ресей тарапынан шараларды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшып келу қаупі жоғары аймақ: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі шегірткенің көші-қон жолдары Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандарынан өтеді.

18 маусымда Ақтөбе облысында Орынбор облысы жағанан шегіртке зиянкестерінің ұшып келуі тіркелді. Осыған байланысты Әйтеке би ауданында қорғаныс шаралары күшейтілді. Химиялық өңдеуге жоспарланған 307 мың гектар аумақтың 62 мың гектарында жұмыс аяқталды. Қажет болған жағдайда қосымша техниканы жіберуге дайындық жасалды. 

Өңірге іс-қимылды үйлестіру үшін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жіберілді. Әйтеке би ауданында Орынбор облысының вице-губернаторының қатысуымен шегіртке зиянкестеріне қарсы бірлескен шаралар мәселелері бойынша жедел кеңес өтеді.

  • Қазіргі уақытта ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлытау облысында жұмыс сапарымен жүр, содан кейін жұмыс барысын бақылау үшін Ақтөбе облысына барады.
  • Жалпы Қазақстанда 19 маусымдағы жағдай бойынша өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Химиялық өңдеу 1,5 млн га алаңда жүргізілді, оның ішінде Қостанай облысында – 240 мың га, Ақтөбе облысында – 469,8 мың га.
  • Басқа шекаралас аймақтарда да қорғаныс шаралары жалғасуда. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 93 мың га, Атырау облысында – 70 мың га, Абай облысында – 33 мың га және т. б. өңделді.

Аумақтарды мониторингтік тексеру шаралары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #шегіртке #Ресей Федерациясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.