ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шегірткелердің негізгі ошағы табылды

Шегірткелердің негізгі ошағы табылды

Әлеумет 03.06.2025, 12:51 435
Шегірткелердің негізгі ошағы табылды
Сурет: Gov.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастады.

Бұған дейін Өзбекстанмен шекарада осыған ұқсас шаралар жүргізілген болатын. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық штаб отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.  

Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда мароккалық және басқа да топтасатын шегіртке ошақтары анықталмаған.

«Бүгін қырғыз тарапымен шекарадағы қазақстандық учаскелерінде бірлескен тексеруді бастадық. Шегіртке зиянкестерінің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Алайда, қазіргі уақытта жәндіктердің Қазақстан бағытында таралу қаупі тіркелмеген», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Сонымен қатар Ресей Федерациясымен шекарада да тексерулер жалғасуда. Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекаралас учаскелер тексерілді — шегіртке зиянкестерінің таралу жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері, маусымның бірінші және екінші онкүндігінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында осыған ұқсас шараларды өткізу жоспарлануда.

Қытайдың шекаралас аймақтарына келетін болсақ, қазіргі уақытта шегірткенің таралуы туралы ресми расталған жағдайлар тіркелмеген.

2 маусымдағы жағдай бойынша 6,1 млн гектар аумақ тексерілді, бұл жоспарланған көлемнің 35,6%-ын құрайды. Химиялық өңдеуге 1 млн га аса аумақ жатады, оның 971,5 мың га өңделді, бұл болжанған 2,1 млн гектардың 46,3%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары 15 облыста жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында шаралар зиянкестердің алғашқы ошақтары пайда болған кезде басталады. Барлығы 443 бүріккіш техника бірлігі жұмылдырылған, аймақтар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин негізгі қорғаныс шаралары іс жүзінде аяқталған аймақтардан техниканы шегірткенің таралу ықтималдығы жоғары Ақтөбе және Қостанай облыстарына жедел түрде ауыстыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.