AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шегіртке түбіне жетті...

Шегіртке түбіне жетті...

Заң мен тəртіп 06.12.2024, 15:54 1,502
Шегіртке түбіне жетті...
gov.kz
 

Қостанайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроинспекторы пара алғаны үшін сотталды

Қостанайда Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовке сот үкімі шықты. Ол бірнеше миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл оқиға биылғы жазда басталды. Маусым айында мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалған Дархан Әбдікәрімов лауазымын пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барған. Шенеунік бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік (сотта компанияның атауы көрсетілмеді) директорымен шегірткеге қарсы пестицидтер жеткізу бойынша келісімшартқа қол қою үшін пара алуға келіскен.

Маусым айында Әбдікәрімов делдал арқылы параның алғашқы бөлігін – 2 миллион теңгені алған. Екі айдан кейін серіктестер қайта кездесіп, комитет басшысы қалған 2,4 миллион теңгені алған.

Бұл қаражат пестицидтерді 78 миллион теңгеге сатып алу келісімшартына қол қойғаны үшін берілген алғыс ретінде қарастырылған.

Сот Әбдікәрімовті 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал ЖШС директоры орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 3 жыл жазасын өтейтін болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шегіртке #Жемқорлық #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);