AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шарын шатқалына үңгірлер салынуда

Шарын шатқалына үңгірлер салынуда

Әлеумет 25.10.2021, 05:07 1,310
Шарын шатқалына үңгірлер салынуда
Сурет: El.kz

Үңгірлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет


Мамандардың айтуынша, Шарын шатқалында қауіпсіздікті сақтау үшін үңгірлер орнату қажет. Әзірге қауіпсіздік үңгіршелері үш жерден қойылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қажеттілік туындап жатса, кейін тағы көбейтіледі. Естеріңізде болса, биыл 29 мамырда селдің кесірінен екі адам қаза тапқан болатын. Бір бүлдіршін ертесіне табылған еді. Ұлттық паркте экологиялық туризмді дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы жасалды. 


Алдағы бірнеше жылда Шарынды дамытуға инвесторлар 3 миллиард теңге салуды жоспарлап отыр. Парктің ұсынысымен, инвесторлардың қолдауымен инфрақұрылым мәселесі шешіледі.  



«Тұжырымдамада инфрақұрылымды дамыту мәселесі көрсетілген. Ол жерде глемпинг, сапар орталығы, қонақүй, кемпинг, мейрамхана сияқты туристердің демалуына жағдай жасайтын инфрақұрылымдар салынады», - дейді "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы Құтлықжан Жүсіпов. 



Шарынды тамашалаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. 10 жыл бұрын мұнда жылына 1300 адам келген болса, биыл тоғыз айда саяхатшылардың саны 33 мыңнан асыпты. Нәтижесінде, аумақтың туристік әлеуеті де едәуір жақсарған. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізгі бөлігін жануарлар әлемі құрайды. Мұнда сүтқоректілердің 34 түрі, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер мен құстардың алуан түрі мекендейді. Олардың арасында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық, Сібір тау ешкісі, сабаншы, сілеусін және Орталық Азия құндызы бар. Заңсыз аң аулаушылармен де күрес күшейеді.



 «2019 жылғы дерек бойынша, осы аумақта қарақұйрық жабайы жануарын атқаны үшін бір азамат ұсталып, айыппұл төлеген. Бір қарақұйрыққа сол кездегі АЕК-пен есептегенде 9 миллион 90 мың теңге айыппұл салынған»,- дейді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы Әрсен Нұрғалиев.



Табиғи парк аумағында Шарын шатқалынан өзге тағы да үш туристік бағыт бар. Олар: Шарын ерен тоғайы, бейіттер мен қорғандар және Темірлік кіші шатқалы. Парк мамандарының айтуынша, Шарын бір жылда 200 мыңға жуық туристі қабылдауға қауқарлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шарын #үңгірлер #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);